11 декабря Воскресенье4:00
Астана
°C
Текущий номер
№ 47 Пятница
02.12.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

Сақинаның таңғажайып сырлары

Сақинаның таңғажайып сырлары. 
Сәндік, мұралық, асыл бұйым.
 Фото: vk.com
Сәндік, мұралық, асыл бұйым.
«Сақина – естелік, сыйлық, тіпті мұралық белгі. Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойынша, ас адал болуы үшін оны дайындайтын, дастарханға қоятын, шай құйып беретін әйелдің саусағында міндетті түрде сақина болуға тиіс. Көбінесе, әйелдерге күміс сақина тағу ұсынылады. Алтын сақина тақса да айып емес. Оның да жақсы әсері бар. Қазақтар «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас», – дейді. Сөйтіп, сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық та қызмет атқаратынын аңғартады» (М. Сүлеймен, Отбасы кітабы, Павлодар – 2014).
Біздің данагөй халқымыз ежелден сақина соғылатын күміс, алтынның таттанбайтынын, олардың судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізетінін, денсаулыққа жағымды әсер ететінін білген. Қолға салынатын зергерлік әшекейлердің түрлері бір-біріне ұқсас болғанымен, айырмашылықтары бар: 1. Асыл тастардан көз қондырылғаны – жүзік. 2. Тасы жоқ, тек алтын, күмістің өзінен ғана көз шығарылғаны – сақина. 3. Көзі жоқ шығыр түріндегісі – балдақ.

Сақина атаулары
1. Ақық сақина – кішкентай ақық қондырылған сақина.
2. Алтын сақина – таза алтыннан жасалған.
3. Балдақ сақина – сақинаның саусақ үстіне қараған беті төртбұрыш болып келетін түрі.
4. Бұрама сақина – алтын, күмісті есіп жасайды.
5. Жез сақина – саусаққа салу үшін емес, қамшы, найза, пышақ, қылыш сабын бекіту үшін жасалады.
6. Кавказ сақина – қара ала өрнекті сақина түрі.
7. Күміс сақина – таза күмістен құйып жасайды.
8. Қола сақина – қолдан жасалған арзан сақина.
9. Моншақты сақина – моншақ қондырылған сақина.
10. Құсмұрын сақина – үсті дөңестеу келген сақина түрі.
11. Мыс сақина – мыстан жасалған ортаң қол сақина.
12. Неке сақинасы – жас жұбайлардың үйлену тойында бір-біріне сыйлайтын сақинасы.
13. Сақинек – пышақ, қылыш, т. б. құралдардың саны, жетесі сұғылатын жерін қысып тұру үшін мыс не күмістен жасалатын балдақ, мойнақ.
14. Сіркелі сақина – бетіне ұсақ түйіршіктерден сірке өрнек салған сақина.
15. Тасты сақина – тас, шыны орнатқан сақина.
16. Темір сақина – темірден жасалған тығыршық, сақинек.
Жүзік. «Саусақ сұғатын шеңбері таза алтын не күмістен соғылып, саусақ сыртына қараған бетіне асыл тастан көз салынған, әртүрлі пішінде әзірленген алақаны бар, саусаққа сәндік үшін киілетін зергерлік бұйым. Шеті ою-өрнектермен безендіріледі. Ол соғу, қалыптау, ширату тәсілімен жасалады. Жүзік сақинадан да күрделірек болады. Оның саусақ сыртына түсетін алақанына ширатылған металл сымнан, сіркелеу, лажылау, бағдарлау тәсілдерін қолдана отырып, күрделі өрнектер салу арқылы күмбездеп, шытыралап немесе панжаралап, түрлі асыл тастардан көз орнатылады. Сондықтан жүзік алақанының беті өте сәнді әрі әсем әшекейленетіндіктен, «жүзік» деп аталса керек. Яғни, бет, жүз, ажар дегеннен шығады. Ал сақина сөзіндегі «сақ» түбірі берік, мықты, мығым деген мағынаны береді» (Қазақ халқының ұлттық киімдері, Алматы кітап, 2007).

Неке сақинасының құпиясы
Оның дөңгелек формасы (қалпы) – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты білдіреді. Той күні қонақтардың күйеу жігіт пен қалыңдыққа жақындауы (қол тигізулері) бақыт әкеледі деп есептелген. Еуропалықтар жас босанған әйелдің саусағында міндетті түрде неке сақинасы болуға тиіс деп ырымдаған. Олардың түсінігінше, сақина қиналмай босануға көмектеседі...
Махаббат белгісі болып саналатын неке сақинасы аты жоқ саусаққа кигізіледі. Неге осы аты жоқ саусаққа? Зерттеушілердің пікірінше, адамзат тарихында осыдан 5 мың жыл бұрын пайда болған алғашқы неке жүзіктері бүгінгідей алтыннан жасалмапты. Египеттіктер оларды Ніл өзенінің жағалауында өскен қамыстардан дайындапты...
Бастапқыда жүзікті аты жоқ саусаққа кигізген де египет халқы көрінеді. Сол кезде халық арасында танымал болған емшілер адам ағзасы мен мүшелерінің орналасуын зерттей келе, жүрекке баратын күре тамырдың аты жоқ саусақ арқылы өтетінін анықтапты. Махаббат пен жүрек ежелден егіз ұғым іспеттес, бірінсіз-бірінің жоғын түсінген білімпаздар махаббат белгісі – неке жүзіктін тағу мәртебесіне лайықты деп тапқан. Әрі аты жоқ саусақ күнделікті тұрмыс-тіршілікте жұмыстарға көп қатыспайтындықтан, оған кигізілген жүзік те шаруаға, адамға зиянын тигізбейді, кедергі келтірмейді.
Зерттеушілер айтады: «Біздің қолымыздағы әрбір саусақ – отбасының немесе әулеттің әрбір мүшесінің нышанын танытады, – деп. – Бас бармақ – ата-ана, сұқ саусақ – аға-қарындастары, ортаңғы саусақ – өзі, аты жоқ саусақ – зайыбы немесе жұбайы, шынашақ – балалары. Енді осы отбасыңызды бейнелейтін саусақтарды былай біріктіріңіз: ортаңғы саусақты ішке қарай бүгіп, екеуін төмен қаратыңыз, басқа саусақтардың ұштарын бір-біріне тіреңіз (бас бармақты – бас бармаққа, аты жоқ саусақты – аты жоқ саусаққа, дегендей), сонан соң түйісіп тұрған саусақтарды бір-бірінен ажыратыңыз. Бас бармақ бір-бірінен оңай ажырайды, оны жасау оңай. Себебі, ата-аналар бізбен мәңгі бірге бола алмайды. Шынашақты бір-бірінен кейін жіберіңіз, ажырайды ғой. Өйткені, балаларымыз да есейіп, өз ыстық ұяларынан бөлініп шығады. Сұқ саусақтар да бір-бірінен оңай ажырайды, біздің бауырларымыз да өз отбасыларын құрып, өз беттеріне кетеді. Ал енді аты жоқ саусақты бір-бірінен айырып көрейікші. Айыру өте қиын. Айыра алсаңыз, яғни махаббатыңыз жоқ болса, өзіңіз де жоқ боласыз. Тек қана осы саусақ мәңгілік және берік махаббаттың не екенін айғақтап таныта алады (Бұл қимылдарды жасағанда, бір-бірінен ажыратылған саусақтарды қайтадан бір-біріне түйістіріп отыру қажет).
Асыл тасты сақинаның қасиеті
Әшекей мәнеріне, көздерінің бейнелеріне сәйкес сақиналар мынандай да атауларға ие: тасты сақина, моншақты сақина, кавказ сақина, құсмұрын сақина, ырғақ сақина, бұрамалы сақина және т. б. Балдақтарды ондай түрлерге бөліп атамайтыны белгілі. Тек алтын балдақ, күміс балдақ дейтіні болмаса.
Сақиналар бұрын сом күмістен соғылатын-ды. Көзді сақинадан бөлек соғып, қалыпқа салып өрнектейді. Сосын балдағына дәнекерлеп бекітіп тастайды. Кейде көзді ұялап жасап, оған жарқырауық тас, шыны орнатып әсемдейді. Қазақ зергерлері, шеберлері сақина, сырғалардың көздеріне дайын күйінде сатып әкелінген мынандай тастарды пайдаланатын-ды: теңбіл тас (сланец пятнистый), су тас (хрусталь), көк тас (малахит), құлпырма тас (перламутр), құбыл тас (александрид), зүбіржат (изумруд) – дүбіржат, жақұт (яхонт), лағыл (рубин), жарқырауық тас (самоцвет), гауһар (бриллиант), ақ тас, янтарь.
Профессор А. Машанов осындай ғажайып әдемі тастардың ішінде янтарь – күн сәулелі тас туралы 1962 жылғы 14 қаңтарда «Социалистік Қазақстан» газетінде қызықты бір деректі жариялады. Ғалым ағамыздың баяндауынша, жоғарыдағы сияқты әдемі тастар «керемет тас» деп саналған. Кейбірі адамға құт әкелетін, жаңбыр шақыратын көрінеді. Ал кейбіреуі адам ағзасына өте шипалы және иесін тіл-көзден сақтайды. Халық солай сенген. Грек ғалымдары тіпті янтарьдың ғажайып қасиетін осыдан 2500 жыл бұрын біліпті де. Парсы тіліндегі атауы: хахруба (өзіне тартқыш). Тегінде янтарь бір түрлі ағаштың сорғыған шайырынан шығады. Оның ішінде құрт, құмырсқа, қоңыз тәрізді жәндіктердің де денесінің тірідей қалып қоятын кездері көп. Бұл туралы М. В. Ломоносовтың өлеңі бар. Ол янтарь ішінде қалып қойған шыбын-шіркейге арнаған өлеңде былай дейді:
«Қабірің хандардан да артық екен...».
КСРО-да янтарьдың ең көп табылатын жері Балтық теңізінің жағалауы еді. Ал, Санкт-Петербургтегі ең көрнекті орындардың бірі – Екатерина Сарайының бір бөлмесі кілең янтарьдан салынған-ды. Кезінде Калининградта янтарь өңдейтін зауыттың атақ-даңқы әлемге танылды, қазір де Ресейде янтарь өндірісі дамып-жетілуде.

Жүзік-сақина жөнінде медициналық болжам
Жүзік, сақинаға қатысты медициналық болжам, халықтар арасында әртүрлі наным-сенім көп. Белгілі ғалым рефлексотерапевт М. И. Анисимовтың тұжырымы бойынша (Ресей шығыс медицинасы Орталығының төрағасы болып тұрғанда жасаған мәлімдемесі бойынша) қалың, ауыр немесе тор сақиналармен саусақтарды «жазалауға» (қинауға) болмайды. Әр саусақта бүйрек, бауыр, от, жүрек, жүйкеге тікелей байланысты жүйке нүктелерін дөп басып, жүзік-сақиналар бүкіл қан-тамыр жүйесіне оң әсер ете алады: сұқ саусақтың нерв (жүйке) нүктелері жүйке ауруын жазған. Сондай сақинаны ұдайы ең кіші саусаққа (шынашаққа) киіп жүрсе, адамға атеросклероз, гипертония кеселдерін қондырады. Мұны М. И. Анисимов өзінің ғылыми негізде көп зерттеу арқылы анықтағанын жазады.
Бүгінгі медицина (оның ішінде шығыс медицинасы) сақинаның бәрін де түнде шешіп жатуды, жылына (бір) ай сақина тақпай жүруді қуаттайды. Гректердің түсінігінде, өлген адам жерленгенде оның өнбойында сақина, сырға, алқасы қалып қойса, солардың сағасында жын-шайтан, дию-перілер қалып қойып, о дүниеде марқұмды азаптайды-мыс...


08.08.2016 804
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA