Инфо-Цес №37 - page 9

ИНФО-
ЦЕС
№ 37 (1451)
19
қыркүйек
2014
жыл
9
АСТАНА АЙНАСЫ
Екіншіден, ол - жыраулық-
ты көрегендікпен, көріпкел-
ділікпен ұштастырған ел да-
насы. Үшіншіден, болашаққа
қырандай ғарыштан қараған,
барша қазақты алаламай тұ-
тас бір халық деп санаған,
шалдыққанда Абылайға тірек
болуға жараған, аптыққанда
қаһарлы Абылайдың өзін де
жас баладай сабаған халық ба-
басы. Төртіншіден, Бұқар жы-
рау, Абылай хан - тағдыры бір
игі мақсатқа жүздік ұғымнан
ұлттық санаға көтеріліп, тұ-
тас мемлекеттік дәрежеге кө-
терілу мақсатына еңбек ет-
кен, халықаралық дәрежеге
көтерілген саяси қайраткер
жандар. Олай болса, қас-
қағымнан бірін-бірі түсіне біл-
ген олардың достығы - шын
мәнінде арқар ұранды Шыңғыс
әулеті Абылай хан мен алаш
ұранды қара қазақтың одағы
болатын.
Бұқар поэзиясының тыны-
сы - ел өмірі, халық мүддесі.
Абылай хан Бұқар жыраудың
алдаспан жырлары арқылы ха-
лық тынысын тыңдады, өз
саясатының деңгейін мемле-
кеттік дәрежеге көтеруге
қаракет жасады. Бұқар жы-
рау, қалың бұқара ел, Абылай
хан - міне, осылай бір арнаға
тоғысты.
Зерттеуші Қайым Мұха-
метханов «Бұқар жырау»
атты мақаласында Үмбетей
жыраудың жоқтауын негіз-
деп, Бұқарды 1685 жылы
Жиделібайсын жерінде Бұқар
қаласының маңындағы Елібай
деген елде дүниеге келді деп
* Аквариумды 1853 жылы ағылшын натуралисі Филипп
Генри Госсе ойлап тапқан.
* Аккумулятор батареясын Гастон Планете (Франция)
1859 жылы жасап шығарды.
* Аттракцион – американдық төбені 1884 жылы Э. Лемар-
кус Томпсон (АҚШ) ұсынған.
* Анестезияны бірінші рет ХІХ ғасырда дантист Горас
Уэллс (АҚШ) қолданған.
* Арифмометрге (есеп машинасына) 1850 жылы (АҚШ)
ағылшын математигі Чарльз Бэббидж патент алған. Бірақ
оның идеясын 1642 жылы Блез Паскаль (Франция) ұсынған.
* Атом электростансасы алғаш рет 1956 жылы Англияда
жасалды.
* Барометр сынапты 1643 жылы Эванджелист Торричелли
(Италия) ойлап тапқан.
* Электр ұстарасын 1928 жылы Джекоб Шик (АҚШ) өмірге
әкелген.
* Бюстгальтерді 1914 жылы американ әйел Мэри Фелпс
Джекобс бет орамалдан құрастырған.
* Велосипедті ойлап тапқан Карл де Драйз де Заубербрун
(Германия), 1818 жылы.
* Тікұшақты – 1939 жылы Игорь Сикорский (Ресей – АҚШ).
* Вентиляторды (ауа желдеткішін) – 1858 жылы Теофил
Гюбал (Франция).
* Виаграны – 1997 жылы «Пфайзер» (АҚШ) компаниясы.
* Бейнемагнитофонды – 1956 жылы «Эмпекс» (АҚШ) ком-
паниясы.
* Магазині бар винтовкані – 1779 жылы Бартоломью Жи-
рандоли (Австрия).
* Гильотинаны – 1792 жылы Жозеф-Игнасий Гийотен
(Франция).
* Глобусты – 1490 жылы неміс географы Мартин Бехайм.
* Сәбиге арналған арба – 1929 жылғы 27 қазанда АҚШ-та
патенттелді.
* Динамитті – 1867 жылы Альфред Нобель (Швеция).
* Шайнайтын сағызды – 1869 жылы американдық Уильям
Семпп.
* Темір бетонды – 1867 жылы Жозеф Монье (Франция).
* Электр қоңырауды – 1831 жылы Джозеф Генри Олбани
(АҚШ).
* Тіс щеткасы – 1498 жылы Қытайда.
* Касса аппаратын – 1879 жылы Джеймс Ритти (АҚШ).
* Кинокамераны – Эдисон, 1906 жылы Англияда
патенттелді.
* Тікенек сымды – 1887 жылы Джозеф Глидден (АҚШ)
патенттеді. Басқа дерек бойынша – 1867 жылы Люсьен Ю.
Смит (АҚШ).
* Лазерді – 1960 жылы Теодор Г. Мейман (АҚШ).
* Лейкопластырды – бірінші тапқан аптекарь Карл Бейер-
сдорф. Басқа дерек бойынша 1921 жылы Эри Диксон (АҚШ).
* Микроскопты – Голланд Антони ван Левенчук.
* Микрофонды – ХІХ ғасырда Эмиль Берлинер. Басқа де-
ректе – 1878 жылы Дейвид Э. Хьюз (Ұлыбритания).
1. Күн сайын таңертең кемінде 5–10 минут жаттығу жасау,
көбірек қимылдау, жаяу жүру қажет.
2. Тұрақты түрде төсек ләззатына бөлену керек. Дұрыс әрі са-
палы махаббат ойыны қуық түбі безінің қызметін жақсартып, оны
қабынудан қорғайды.
3. Темекіні ауызға алмаңыз. Никотин қан тамырларын тарылтып,
өмір үшін маңызды ағзалардың қоректенуіне кедергі келтіреді,
жыныс ағзасының қанмен қамтамасыз етілуін нашарлатады.
4. Жыл сайын кемінде бір рет уролог дәрігерге қаралу қажет.
45 жастан кейін жылына екі рет онкомаркерге қан тапсырып
тексерілген жөн. Урологиялық аурулардың ішінде ең қауіптісі
және кең таралғаны – қуық түбі безінің обыры мен зарарсыз ги-
перплазиясы. Олар өмірді қысқартумен қатар оның сапасын да
төмендетеді.
5. Жыныстық қуатты күшейтуші препараттарды дәрігердің
кеңесінсіз қолданбаңыз. Олар ағзаны титықтатады. Әсіресе, жүрегі
ауыратындар сақ болғаны жөн: жыныстық қуатты күшейтетін
түймедақ нитроглицеринмен қосылса, өмірге қауіп төндіреді.
6. Урогенитальды жұқпаларға тұрақты түрде анализ тапсырып,
дер кезінде емделіңіз.
Ерлер үшін қуық түбі безінің қызметін
жақсартатын жаттығулар
Дене тәрбиесі – «еркек» мәселесінің ең тиімді шипасы. Өйткені,
қимыл-қозғалыс қан айналымын күшейтіп, қуық түбі безіндегі зат
алмасуды жақсартады. Несеп – жыныс жүйесі мен құрсақ қуысы
қысымының өзгеруіне оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, бұл
жаттығулар бүйрек тасы, қуық ауруларына да пайдалы. Олай бол-
са, кәнеки, ерлер, мына жаттығуды жасайық:
1. Отырыңыз да қолдарыңызды жамбасыңызға қойыңыз. Кейін
қолдарыңызды қапталға созып, жеңіл еңкейіңіз. Осы қимылды 5–6
рет қайталаңыз.
2. Аяғыңызды орындыққа, қолдарыңызды жамбасыңызға
қойып, тізеңізді әбден бүгілгенше иіп, еңкейіңіз. Әр аяқпен 5–6 рет
қайталаңыз.
3. Тік тұрыңыз да, денеңізді оңға және солға еңкейтіп,
қолдарыңызды дене бойлатып, жылжытыңыз. Әр жаққа қарай 4–8
рет жантайыңыз.
4. Шалқаңыздан жатып, қолдарыңызды дене бойлатып созыңыз.
Аяқтарыңызды бүгіп, қапсыра құшақтаңыз. 6–10 рет қайталаңыз.
5. Шалқаңыздан жатып бір қолыңызды кеудеңізге, екінші
қолыңызды қарныңызға қойыңыз. Қолыңызбен бақылап, терең
дем алыңыз. 5–6 рет орындаңыз.
6. Аяқтарыңызды бүгіп жатыңыз. Кейін отырып, тізеңізді
құшақтаңыз. 6–8 рет орындаңыз.
7. Түрегеліп тұрып қолдарыңызды жамбасыңызға қойыңыз.
Тізеңізді жартылай бүгіп, қолдарыңызды алға созыңыз. 6–10 рет
орындаңыз.
Коронавирустық инфекция – адамдарда суық тиюден ба-
стап, ауыр жіті респираторлық синдромға дейін байқалады.
Осы вирустың түрі жануарларда да әр түрлі ауру түрлерін
туындатады.
Коронавирустық инфекция – жіті инфекциялық вирустық
ауру, катаральды түрде мұрынның зақымдалуымен және
интоксикацияның аздап байқалуымен болады. Үлкен адам-
дарда вирус жоғары тыныс жолдары және асқазан-ішек
жолдарынан бөлінеді, ал балаларда жіті гастроэнтерит
түрінде болады. Аталған вирусты адам ауа тамшылары
арқылы жұқтырады. Осы ауру түрімен көбінесе медицина
қызметкерлері, балалар ұжымдары және науқас адамның
туыстары ауырады.
Инфекцияның қауіп көзі науқас адам болып табылады,
сонымен қатар, емделгеннен кейін 10 күнге дейінгі паци-
енттер.
Ауру жіті түрде басталады. Белгілері. Жалпы инфекциялық
синдром (дене қызуының 38–39 градусқа дейін көтерілуі,
қалтырау, әлсіздік, қалжырау, бастың ауруы, бұлшық еттің
және буынның ауруы), қалтыраудың жалғасуы, катаральды
синдром (тұмау, тамақтың ауруы, түнде күшейетін құрғақ
жөтел), кейбір пациенттерде диареяның болуы.
Келесі кезеңде (5–7 күні) катаральды симптомдардың
өршуі басталады, өкпе қабынуының белгілері (ентігу, ци-
аноз, ылғалды сырыл) бола бастайды. Бұдан әрі (7–8
күнде) пациенттерде қалтыраудың жаңа түрі және тыныс
алудың жетіспеушілігі байқалады. Ауыр жіті респираторлық
синдромға күдіктену үшін аурудың келесі белгілері
айқындалуы керек:
1) дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілуі;
2) жиіленген және қиын тыныс алу;
3) егер адам 10 күнге дейін симптомдар білінген жайсыз
аймақтарда болса, аталған ауруға күдіктенуге болады.
Аурудың алдын алу шаралары:
1) қол гигиенасы – қолды міндетті түрде сабындап жуу,
қосымша тері антисептигін пайдалану;
2) жеке қорғау құралдарын: аурудың өршуі кезінде және
аурудың белгілері білінген науқаспен қарым-қатынаста
болғанда, медициналық бет пердені пайдалану;
3) тұрғылықты тұрағын және жұмыс орнын жиі тазалау,
жуатын және зарарсыздандыру құралдарын пайдалану;
4) басқа аймақтарда аталған инфекциямен пациенттер
анықталса, ауруды жұқтырмаудың жолдарына өте сақ болу
керек.
Егер сізде аурудың белгілері (жөтел, түшкіру) байқалса,
бір рет пайдаланатын салфетка және қолорамалдарды
қолданып, кейін оны тезірек жойып отыру қажет.
Симптомдар білінген жағдайда, медициналық көмек және
кеңес алу үшін дәрігерге тезірек жүгініңіз.
Аурудан айығуды кешіктіру сізге және сізді қоршаған
ортаға өте қауіпті екенін есте сақтаңыз.
Т. ЕМБЕРДИЕВА,
«№ 4 Астана қалалық емхана» ШЖҚ МКК
профилактика және әлеуметтік-психологиялық
көмек беру бөлімшесінің салауатты
өмір салты дәрігері.
Бұхар жырау
Әдебиеттанушылардың осы уақытқа дейінгі жіберіп келген
концепциялық бір олқылығы - Бұқарды тек жырау, тек поэзия дүлдүлі,
тек Абылайдың батагөй данасы есебінде қарауы ғой деп ойлаймын.
Шын мәнінде Бұқардың жырау екені рас. Бірақ Бұқар тек жырау емес.
Біріншіден, ол - сонау Сыпыра жыраудан бері қарай барша жыраулардың
жолы киелі, сөзі иелі ту ұстары.
Ұлы дала ұлылары
дәлелдейді, Бұқар жерінде
туған балаға Бұқар есімін
беріпті. Екінші бір дерек: Бұқар
медресесінде оқып жүрген
Қалқаман батыр баласына
Әнет баба (кейбіреулер Ақша
батыр дейді) бата беріпті:
Есімің Бұқар болсын,
Мінгенің тұлпар болсын,
Дауысың сұңқар болсын,
Ісіңе халқың іңкәр болсын!
Нәресте бір жасқа келген-
де, Ембі мен Зайсан екі арасы
қалмақтардан босатылған кез-
де Қалқаман батыр елге ора-
лыпты.
Бұқардың балалық шағы ту-
ралы әртүрлі пікірлер кез-
деседі. Егер Үмбетей жырау:
Тілің шықпай жасыңда,
Бала болдың сен мылқау,
Бір алуан жан десетін,
Іштей туған кем сырқау.
Сырқат па, әлде мінез бе?
Мұны қиын жобалау, - десе,
есімі елге танымал шежіреші
Ералы қолжазбасында: «Бұқар
жас кезінде мылқау бала
екен, тілі он жасына келген-
де шығыпты деп айтысады.
Тексеріп келгендегі анығы: ол
нағыз мылқау емес, көрініске
аңқау, сылбыр аңдалғандай,
қиял билеп, өз бетімен жүретін
бір алуан сынды адам сияқты
көрінеді. Сондықтан, жұрт
оны «мылқау бала» деп атай-
тын болса керек. Он екі жа-
сында, мылқау бала жай тілі
шыққанның үстіне, өз жаны-
нан суырып салма айтатын
жыршы болып, сайрай бастап-
ты. Содан жұрт қолдан-қолға
тигізбей, ойын-сауығына алып
жүретін болып, жігіт ағасы
кезінде жырау аты шығыпты
деседі.
Үмбетей жырау «Өткіздің
тоғыз ханды толғауменен»
дегендей, Бұқар - Әз Тәукеден
бастап, Қайып, Болат, Сәме-
ке, Әбілмәмбет, Күшін, Әбіл-
қайыр, Барақ, Абылайлардың
тұсында өмір сүрген. Бірақ осы
9-ының ішіндежыраудың қадір-
қасиетін білгендері - Тәуке
хан мен Абылай хан. Тәуке
ханның тұсында, М.Мағауиннің
дәлелдегеніндей, жырау «Ор-
дадағы белді би, батагөй
ақсақалдардың бірі» болады.
Ардақты ағалары - Қаз дауы-
сты Қазыбек пен Төле, Әйтеке
сияқты даналар мектебінен
өтіп, «Жеті жарғыны» жасауға
қатысады.
Заманындағы сыншылар ол
кісіні «Көмекей әулие» дейді.
Көмекейі бүлкілдеп сөйлейді
де отырады екен. Қара сөз
жоқ, ауызынан шыққан сөзінің
бәрі жырлаумен шығады. Абы-
лай хан бір жаққа аттанарда,
жыраудан айдың, күннің сәтін
сұрайтын, көрген түстерін жо-
рытатын болған. Демек, Бұқар
өз кезінде халықтың әулие
данышпаны, ақылшы көсемі,
дуагөй бітімшісі, көреген бол-
жаушысы санатына көтерілген.
(М. Қозыбаев).
Тайжан
Қалмағанбетұлы
Тайжан
Қалмағанбетұлы
1879 жылы қазіргі Қарағанды
облысы, Ұлытау ауданындағы
Айыртау бөктерінде дүниеге
келген. Өзі: «Нәсілім –
наймандағы бағаналы», -
дейді. Ақын, сазгер, айтыскер,
жыршы – термеші, сырнайшы.
1934 жылы Алматыда өткен
халық ақындарының айты-
сында көзге түскен. 1936 жылы
Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті
мен өнерінің онкүндігіне
қатысқан. 1937 жылы нақақтан
атылған.
Ер жігіттің айнымас үш серігі
болады: біреуі – өмірлік жарың,
екіншісі – мінген атың, үшінші
– бұл ғұмырдан сүрінбей алып
өтетін ақылың, парасатың.
Адамға тән алты қасиет бар:
1) ұғымың, ойлы ететін зер-
де – зейінің;
2) сені өрге сүйрейтін өнер
өрісің;
3) тек ілгері бастайтын та-
лабың;
4) ешқашан алдамайтын
тапқырлығың;
5) қиындықта сыналатын
қайратың;
6) бәрінен де күшті ететін
білімің.
Өзі жас, еліне бас болатын
жігіттің үш асыл мінезі болады:
біреуі – шыншылдығы, одан
соң – аңқылдақ адалдығы,
соңғысы – қара қылды қақ
жарған әділдігі.
Адамға аса қажет үш байлық
бар:
1) денсаулық.
2) бейнетқорлық.
3) сүйеніш болар дос – жа-
ран.
Мамандардың кеңесі
Медицина қызметкерлері ерлерге ұзағырақ жарамды болып,
толыққанды өмір сүруі үшін оларға мынандай дене тәрбиесін ұсынады:
Ерлердің дене тәрбиесі
8. Түрегеліп тұрып қолдарыңызды басыңызға қойыңыз да,
саусақтарыңызды айқастырып, алақандарыңызды жоғары
қаратып, қолдарыңызды көтеріңіз.
9. Түрегеліп тұрып аяқтарыңыздың арасын ашыңыз. Кейін алға
еңкейіп, тізеңізді бүкпей қолдарыңызды еденге тигізіңіз. 6–8 рет
қайталаңыз.
10. Түрегеліп тұрып қолдарыңызды жамбасыңызға қойыңыз.
Кейін әр аяқты кезекпен артқа созып сілкіңіз. Әр аяқпен 4 рет
қайталаңыз.
Қуықтың қабынуын емдеу
Халық емшісі Сейітқамза Қалиевтің бұл сырқатты емдеп-жазуға
ұсынысы мынандай:
* Қуықасты безінің сырқатқа ілігуі – қан қысымын көтеруге,
жүрек ауруын тудыруға, тамырлардан болатын сал ауруын
тудыруға ықпал етеді. Сондықтанда ауру білінісімен-ақ емге
жүгінген жөн. Мәселен, қызыл шетен жемісі мен түйе жоңышқа
қою қайнатындысына самырсын майынан қосып, астан бұрын шай
қасықпен ішіп отырады. Бір емделуді 15 күнге созып, 10 күн де-
малады. Осылайша 3 рет қайталағанда, сырқаттың беті қайтқаны
байқалады.
* Пияз қабығының екі уысын жуып тазалап, 700 г қайнап тұрған
суға салып, 5 минут қайнатады. Бір сағат бұқтырады. Пияздың
қабығы да қою шай сияқты шығады. Ас алдында 100 граммнан
ішеді. Күніне 3 рет бір ай бойы үздіксіз жалғастырып, 10 күн дема-
лады. Қайта жалғастыруға болады.
* Үлкен бір уыс қалақай тұқымын 1 құтыға салып, үстіне ақ
құрғақ шараптан толтыра құйып, тәулік бойы бұқтырады. Келесі
күні жатарда сүзіп түгел ішеді. Бір аптадан бір рет. Бір айда төрт
рет ішсе, бір емделу мерзімі болып саналады.
* Иіскөк пен ақ жалбыз шөбінен ұнтақтап, күнделікті тамақпен
қосып жейді. Бұл қуықасты безінің жасушасын нығайтады. Ұрықты
жандандырады.
Коронавирустық
инфекция
Жаңалықтар.
Оларды ойлап тапқандар
1,2,3,4,5,6,7,8 10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,...84
Powered by FlippingBook