Астана айнасы
18
қараша
2016
жыл
8
ИНФО
-
ЦЕС
№ 45 (1561)
Юсуф әл-Кардауи:
Сараңдық пен
ысырапшылық
* Әркімнің адал еңбекпен
тапқан мал-мүлкіне, қаржы-
қаражатына көлденең ешкімнің
қол сұғуға қақысы жоқ.
* Мұсылмандар қауымдас-
тығы – әділдік пен қанаға-
тшылықты жақтап, әр нәр-
седе шектен шықпауға
үндейді.
Мұның мал-мүлікті, қар-
жы-қаражатты
жұмсауға
да тікелей қатысы бар. Ис-
лам жөнсіз үнемшілдікті,
сараңдықты, дүниеқоңыз-
дықты айыптайды. Мәселен,
бала-шағасынан аяп, ішетін
тамақтан, киер киімнен
қысып жүріп дәулет құрау.
* Сондай-ақ, Ислам аспа-
төкпе шашпалықты ай-
ыптайды, ысырап – арам.
Ысырапшылдықтың күнәсі
арақ-шарап ішкенмен бірдей.
* Дәулетің тасып бара жат-
са, кем-кетік мүгедектерге,
ғаріп-қасерлерге,
жол-
да жүрген жиһанкездерге
көмек көрсет (бұл турасында
қасиетті Құранның «Исра»
сүресінің 26–27 аяттарында
айтылған).
* Ең абзалы – қол ұшыңды
өзіңнің жақыныңа, туысыңа
бер.
* Дұрысы – сараң бол-
мау, ысырапшылдыққа жол
бермеу, осы екеуінің орта-
сынан шығу (бұл турасында
қасиетті Құранның «Фур-
кан» сүресінің 67 аятында
айтылған).
Мұсылмандардың
басқалармен
қарым-қатынасы
Ислам өзге діндегі адам-
дармен тату-тәтті, көршілік
бейбіт қатынаста болуға
үндейді. Әсіресе христи-
андар
мен
иудейлерге
кезінде жаратушы Алла та-
рапынан Інжіл мен Таурат
секілді қасиетті кітаптар
түскендіктен, олар өздерінің
дүниетанымы
жағынан
мұсылмандарға
жақын
тұрады.
Мұсылмандар
Алла тарапынан түскен
кітаптар
мен
Алланың
елшілері Ибраһим, Исма-
ил, Исқақ, Иакуб, Мұса,
Иса пайғамбарларға сеніп,
құрмет тұтады (бұл тура-
Кімге қандай сыйлық
ұсынады?
Әр жылдың, әр айдың, әрбір жұлдыз белгісіндегілердің
өзіне тән ерекшеліктері, талап-талғамы бар. Соған
сәйкес сыйлық ұсынған жөн. Мұны талдап, тарқатар
болсақ:
Тоқты.
Оған жылтырағы мол, ашық түсті, бояуы
қанық, күнделікті тұтынуға қажетті зат сыйлаған дұрыс.
Ересектерге жұмыс үстеліне қоятын естелік сыйлауға
болады. Ал жастарға бірнеше түс араластыра жарасым-
ды тігілген спорт костюмін сыйлаңыз.
Торпақ.
Кофе ішетін бокал, гүл отырғызатын құмыра,
қолсағат сыйлауға болады. Үйдегі ұқыптылықты
ұнататын ол жеке бөлмесіне қажетті заттарды қуана
қабылдайды.
Егіздер.
Білімін, тәжірибесін арттыруға жәрдемдесетін
сыйлық қажет. Мәселен, жаңа бағдарламаларды
үйрететін диск, шеберлікті арттыратын тәсілдер жайлы
кітап, тым болмағанда құрастырылуы қиындау люстра
сыйлаңыз. Ал әйелдерге шаңсорғыш, шырынсыққыш
техника сыйласа жарасады.
Шаян.
Сырт көрінісі әдемі, көз тартатын және бағалы
сыйлықтар ұнайтын шаяндарға картина, мұқабасы әдемі
блокнот, сумочка, әмиян, тым болмағанда үлкен жұмсақ
ойыншықтар сыйлаған абзал. Ұсынған сәтте жалынды
сөздер оны ерекше қуантады.
Арыстан.
Оған ешкімде жоқ, бұрын көрмеген жаңа
нәрселер ұнайды. Досында не танысында бар нәрсені
ол сыйлық ретінде қабылдай алмайды. Сондықтан
қалтаңызды қалыңдатып, ерекше сувенирлерді іздеуіңе
тура келеді.
Бикеш.
Оған романтикалық, классикалық заттар
ұнайды. Табиғат көрінісі бейнеленген картина немесе
тұрмысына, әсіресе асханада қажетті зат, күнделікті жа-
нында алып жүретін емес, жатын не жұмыс бөлмесінде
тұратын нәрсе таңдап көріңіз. Ал балаларға логикалық
есептерге құрылған кітаптар, түрлі-түсті қарындаш бе-
руге болады.
Таразы.
Оған нәзік иісті парфюмерлік су, шарф,
қызыл түс араласқан спорттық киім сыйлаған жөн.
Сыйлық қандай болғанда да алушы оны тек өзі ғана
қолданатындай болғаны дұрыс. Жас балаларға
құрастырмалы ойыншықтар берсе жарасымды.
Сарышаян.
Оған сыйлық таңдау аса қиын. Көңіліне
ұнап тұрса да кемшілік іздегіш ол сыйлықтың өзінен
бұрын бағасына мән береді. Мүмкін болса, сыйлықты
оның өзіне таңдату қажет, болмаса жүзік, алқа
сыйлауыңызға тура келеді. Балаларға жеміс-жидек пен
киім беруге болады.
Мерген.
Оған жұмсақ ойыншық, картина, қол сағат,
жүзік, тіпті ыдыс та сыйлауға болады. Жайдары да
көңілді мінезіне орай ол күлкі шақыратын заттарды да
жақсы қабылдайды. Тұрмыстық техника сыйласаңыз
тіпті жақсы. Мүмкіндігі болса, күшік не мысық та сыйла-
са, артық емес.
Тауешкі.
Оған аквариумдағы балық, тордағы тотықұс
сыйласаңыз жақсы. Сүлгі, жұмыс үстеліне қажетті зат,
кеңселік қажеттіліктерді де ол қуана қабылдайды. Суве-
нир мен естелік заттардан гөрі күнделікті тұрмысында,
жұмысында қажетті заттар оны ерекше қуантады.
Суқұйғыш.
Оған қандай сый болса да шын жүрекпен,
ерекше ықыласпен таңдағаны қымбаттау болмақ.
Сондықтан мәселе сыйлықта емес, оны сыйлау сәтіндегі
әдемі де әсерлі сөздер мен ниет маңызды. Карти-
на, қабырға сағаты, гүл болса да оны арнайы сатып
алғаныңызды айтуға тиістісіз.
Балықтар.
Оған әдемі қораптағы мұқият оралған
үлкен сыйлық ұнайды. Сондықтан қандай сыйлық
алсаңыз да қорабының үлкендеу әрі бояуы қанық
болғанына мән беріңіз. Тұмар, шығыс әшекейлері,
жұмбаққа толы естелік, түнгі шам да оны мәз етеді, ал
киім, кітаппен оны қуанту қиын.
* * *
Мұның бәрі жұлдызшылардың жорамалы. Сыйлық
таңдағанда оны еске алыңыз. Және де әр ұлтта сыйға
тартуға болмайтын да заттардың бар екенін ұмытпаңыз.
Сыйлық ұсынарда қандай жорамал, салт-дәстүрді
ұстанасыз, ол өз еркіңізде.
Мақсат НАУАНҰЛЫ.
«Ибн Әбу Хаатим ибн Аб-
бастан риуаят еткен хадисте:
«Бәни Исраил әулеті Мұсадан
(ғ. с.): «Раббың салауат айта
ма?» – деген сұрағына, Мұсаға
(ғ. с.) Алла Тағала өзі үн
қатып: «Ей, Мұса (ғ. с.): Егер
үмбетің Алла Тағала салауат
айта ма?» – десе, сен: «Ия,
Алла Тағала және періштелері
Пайғамбарларына, елшілеріне
салауат аятады», – дегін», –
дейді. Осыған орай қасиетті
Құранда: «Расында Алла және
періштелері
Пайғамбарға
салауат айтады. Ей, иман ет-
кендер! Оған сендер де са-
лауат және сәлем айтыңдар»
(«Ахзаб» сүресі, 56 аят), – де-
ген аят уаһи етіледі. Салауат
арабтың «саләт» сөзінің көпше
түріндегі, «дұға» мағынасында
келетін сөз. Намаз сөзінің де
Білгенге – маржан
Арқанның түрлері
Арқан
– қазақ жіп-шуларының ішіндегі ең берігі, ең
ұзыны және ең жуаны. Арқан көші-қонға, жүк артуға,
мал қосақтауға, ат арқандауға, тағы осылар сияқты көп
шанду мен беріктікті қажет ететін жұмыстарға пайдала-
нылады. Оның көп тараған түрлері:
Қосақ арқан.
Қой қосақтап сауады. Сол себепті ол
арқанның ішіндегі ең ұзыны. Қосақ арқанның шүйкесіне
ешкі қылын орап, оны неғұрлым қойдың мойынына
жұмсақ тиетіндей етіп бостау бұрайды.
Сүйретпе арқан.
Онымен адамдар шөмеле
сүйреткен, сондықтан жуан және шүйкесі жылқының
жал құйрық қылымен оралып бұралады.
Жел арқан.
Дауыл болғанда киіз үйді шандып басты-
рып, қазыққа бекітіп қояды.
Тарту арқан.
Көшкенде түйеге артқан жүкті қомға
бекітіп тартып байлайды, сондай-ақ арбаға, шанаға тие-
ген жүкті бастырып байлайды. Тарту арқанды қыл қосып
ширақ етіп бұрайды.
Матау арқан.
Бұл арқан онша жуан емес, онымен
қатар шөккен түйелерді, қысырақтарды матайды.
Атарқан.
Атты арқандайды, кейде қашаған жылқының
мойнына тағып, сүйретіп жібереді. Кейде атарқанның бір
басында бекітулі қазығы болған, оны жолаушы қоржынға
салып, өзімен бірге алып жүрген.
Белдеу арқан.
Киіз үйдің туырлығын белінен орап
байлайтын арқан. Осылар сияқты мынандай да арқандар
бар: шанду арқан, шом арқан, қом арқан, тең арқан, желі
арқан. Сырт көрінісіне, есілген жүндеріне қарай: қарала
арқан, қыл арқан, жүк арқан, кендір арқан, ақ арқан
және т. б.
Данагөйлер дағуаты
Имандылыққа бастайды
Өмірде дала данагөйлері, дін дағуатшылары,
ғұлама ғалымдар айтып кеткен маржан
ойлар, танымдық түсіндірмелер аз емес.
Бір мезет соларды оқып ойға шомсаң,
күнделікті тұрмыс тіршілігіңде талай-талай
сауалдарға жауап тауып, жан-дүниең
байи түседі. Бүгінгі оқып, танысатындарыңыз
дін дағуатшысының ұлағатты сөздері.
сында қасиетті Құранның
«Бақара» сүресінде, 136 аят,
«Ишура» сүресінде, 13 аят,
«Анкабут» сүресінде, 46 аят,
айтылған).
Әсіресе,
христиандар
діні мұсылмандар жүрегіне
жақын тұрады (бұл турасын-
да қасиетті Құранның «әл-
Маида» сүресінің 82 аятын-
да айтылған). Өйткені олар
пұтқа табынушылар емес, бір
құдайға сенушілер.
Бұл
жерде
мынандай
жағдайларды ескеру ке-
рек. Егер Ғайри діндегі кітап
түскендер:
1. Исламға қарсы, Отанына
қарсы соғыс ашпаса;
2.
Отбасыңнан
айы-
рып, мекен-жайыңнан қуып
шықпаса, өзге де зорлық-
зомбылықтар жасамаса, онда
олардың бәрімен достық
қарым-қатынастар жасауға
әбден болады. Егер мұсылман
әлгі айтылған сұмдықтарға
мойынсұнып, олармен бәрібәр
достық қатынасын үзбесе,
ондай
әрекет-арсыздыққа,
арамдыққа жатады (бұл ту-
расында қасиетті Құранның
«Мумтаһина»
сүресінің
8–9 аяттарында айтылған).
Мұсылмандарға
назарлар
(христиандар) мен яһудилерді
(еврейлерді)
қонаққа
шақырып, жақсы қатынастар
орнатуға, олармен туысып,
қыздарына үйленуге рұқсат
етіледі.
Мұсылманның ер кісілері
өзге
діндегі
әйелдерге
үйленгенде төмендегі шарт-
тарды сақтауы керек;
3. Сіздің жарыңыз (наза-
ра ма, яһуди ме, бәрібір) бір
құдайға сенетін болуы ке-
рек. Дінсіздерге, өзге пұтқа
табынушыларға, сектанттарға
(мысалы, бехаит, друз, нусай-
рит, т. б.) үйлену – харам.
4. Сіздің жарыңыз өнегелі,
тәрбиелі, таза, тағлымды бо-
луы керек. Жеңіл жүрістімен
тұрмыс құру – арам.
5. Сіздің болашақ жарыңыз
ұстанатын дін өкілдері осы
кезде Исламмен жауласып,
соғыс жағдайында болса,
онда мұндай қызға, әйелге
үйленуге қақыңыз жоқ.
6.
Сіздің
әйеліңіз
балаларыңызды
исламнан
басқа жолға түсіріп жібермеу
жағын алдын-ала ойласты-
рып қойғаныңыз дұрыс.
Жарыңыздың өзі, мәселен,
христиан дінінде қала беруі
мүмкін. Бірақ балаларыңыз
қандай жағдайда да мұсылман
болып өсуі керек.
7. Егер сіз тұрған жердегі
мұсылмандар саны мұсылман
еместерден әлдеқайда аз бол-
са, онда өзге діндегі әйелге
үйленуге тиым салынады.
Ал мұсылман әйелдерге өзге
діндегі ер кісілерге тұрмысқа
шығуға рұқсат жоқ (бұл ту-
расында қасиетті Құранның
«Мумтаһина» сүресінің 10 ая-
тында айтылған).
«Неге бұлай?» – деген сұрақ
туатыны сөзсіз. Мұсылман ер-
кек христиан қызына үйленсе,
әйелінің діни сенімін ба-
рынша құрметтеп, оның өз
дәстүрлері бойынша ғабадат
етуіне, шіркеуге баруына,
аталы мейрамдарын өткізуіне
қамқорлық жасауы керек.
Ал христиан, иудаизм жо-
лын ұстаған отбасыларындағы
жағдай мүлдем басқаша.
Оларда христианға немесе
еврейге тұрмысқа шыққан
әйелдің өз дінінен безіп
шығуы талап етіледі. Мұндай
талапты мұсылман әйелдің
орындай алмайтыны түсінікті.
Ең дұрысы – мұсылманның
мұсылманға
үйленуі.
Пайғамбарымыз
Мұхаммед
ғалейһис салам: «Өз дініңдегі
әйелмен тұрмыс құруға тыры-
сып бақ!» – деп тегін айтпаған
ғой.
Соқыр сезімге
орын жоқ
Ислам дүниеге келген күннен
бастап фанатизмге – соқыр
сезімге қарсы күресіп келеді.
Ислам Алла жаратқан адамзат
ұрпағын бір-бірінен бөле-жара
қарап, нәсілдердің біреуін
артық, біреуін кем көрмейді.
Нәсілшілдік – Исламға жат.
Мұсылмандар
нәсілге,
ұлтқа
бөлінбейді,
жер
бетінде бәрі бір-біріне бауыр,
туысқан саналады.
Исламға жат адам – бір
Аллаға сенбейтін кәпірлер.
Ол мейлі сенің ауылдас
көршің
болсын,
жақын
туысқаның болсын, әке-
шешеңмен бірге туғаның
болсын – бәрібір (бұл тура-
сында қасиетті Құранның
«Муджадала» сүресінде, 22
аят, «Тәуба» сүресінде, 23
аят, айтылған).
Пайғамбарымыз Мұхам-
мед ғалейһис салам мұсыл-
мандарға тегіне, түсіне,
нәсіліне қарамай артықшы-
лықтар
берілмейтінін
ескеріп отырған. Мәселен,
«Мен
ақпын»,
«Сен
қарасың», «Мен пәлен де-
ген ақсүйектің тұқымымын»,
«Сен құлсың», – деп ешкімді
кемсітуге, менменсуге бол-
майды. Өйткені бәріміз
–
адамзат
ұрпағымыз.
Бәрімізді жаратқан – Алла».
* * *
Юсуф әл-Кардауи мұсыл-
мандардың қадыр-қасиеті,
әдебі мен мінезі, сенімі мен
ой-танымы қандай болуға
тиісті, өзінің пайымдауларын-
да терең ашып, Ислам дініне
қатысты көп мәселелерді
талдап, түсіндіре білген
дағуатшы. Шіркін, біздің діни
қайраткерлеріміз де осын-
дай халыққа қажетті асыл
мұраларды жазып, сыйға
тартса ғой...
Мақсат
НАУАНҰЛЫ.
Салауат айту
«Мәулітте Пайғамбарға салауат айт!» – осы сөзді жиі еститін болдық.
Көнекөз қариялар «Кейкінің салауаты», – деп ұзақ жыр-толғауларды
айтқанын да естігенбіз. Сонда салауат, салауат айту дегеніміз не?
Дінтанушы Б. Қыдырбайұлы бұл туралы былай деп жазады:
арабшасы «сәләт», өйткені на-
мазда да дұға мағынасы бар.
Демек, ислам әдет-ғұрпы бой-
ынша салауат Пайғамбарларға
арналған дұға мағынасында
қолданылатын сөз.
Әбу Иса Тирмизи Суфян
Сәуриден жеткізген хадисте:
«Алла Тағаланың салауаты,
рахметі, періштелердің са-
лауаты, истиғфарлары (Ал-
ладан ол кісі үшін рахметін,
ризалығын, кешірімін сұрап,
оған аман-саулық, жақсылық
тілеу), мүміндердің салауаты
(пайғамбарымыз (с. ғ. с.) үшін
жасалған) дұғалары», – делінеді.
Имам Бухари және имам
Мүсілімде мына хадис Каъб ибн
Ұжраның (р. а.) атынан айтыла-
ды: «Бір кісі: «Ей, Алланың Ра-
сулы, сізге сәлем беруді білеміз,
ал салауат айтуды білмейміз»,
– дейді. Сонда Пайғамбарымыз
(с. ғ. с.): «Аллаһуммә солли
ъаләә Мухаммад, уа ъаләә әәли
Мухаммад. Камәә салләйтә
ъаләә Ибраһиймә, уа ъаләә
әәли Ибраһиймә. Иниәка ха-
мийдум – мажийд. Аллаһуммә
бәәрик ъаләә Мухаммад, уа
ъаләә әәли Мухаммад. Камәә
баарактә ъаләә Ибраһиймә.
Иннәка хамийдум – мажийд», –
дейсің», – делінген.
Мұнан өзге хадистерде де
салауаттың басқа түрлері
баршылық. Сондықтан салауат-
тың бір-ақ түрін ғана дұрыс деп
кесіп пішуге болмайды. Деген-
мен оның айтылуы керектігін
мойындау қажет.
Жоғарыдағы аятта мүмінде-
рге қарата: «Ей, иман еткендер!
Оған сендер де салауат және
сәлем айтыңдар», – деп сала-
уат айту барша мұсылманның
борышы екенін білдіреді.
Сондықтан әрбір мұсылман
қашан
Пайғамбарымыздың
(с. ғ. с.) атын айтса немесе
естісе: «Сәлләллаһу ъаләйһи
уә салләм», – деп айту дінде
әдет-ғұрыпқа айналған.
Имам Ахмад пен Имам Мажә
(р. а.) кітаптарындағы келетін
хадисте: «Пайғамбарымыз (с.
ғ. с.): «Маған салауат айтқан
адамға, періштелер де салау-
ат айтады. Пенде қаласа сала-
уатты көп айтсын, қаласа кем
айтсын», – дегенін естідім», –
делінген. Басқа хадисте: «Кім
маған бір рет салауат айтса,
оған Алла Тағала он рет сала-
уат айтады», – деген.
Құран оқып боп, Алла
зікірі, дұға соңынан Пайғам-
барымызға (с. ғ. с.) салауат
айту сауабы мол амалдардан.
Өйткені, салауат Алланың
әмірі. Сондықтан намазда да
«ташшаһуд» дұғасы соңынан
салауат айтылады. Имам
Шафиъий (р. а.): «Салауат
оқылмаған намаз – намаз са-
налмайды», – деген.
Айтқан
салауаттарымыз
Алла құзырында қабыл, мұ-
рат-мақсаттарымыз асыл бол-
ғай! Әмин!».