Астана айнасы
24
сәуір
2015
жыл
8
ИНФО
-
ЦЕС
№ 16 (1481)
Бет-жүзіңіз
арқылы
*
Шекеңіздің терісі қызара
бөртсе, ішек қызметінің
бұзылғандығы.
*
Маңдайыңыз қызарыңқырап
тұрса, сіз тұтынатын
тағамдарда тұздың көп
болғаны. Тұз бүйректің
жұмысына кедергі келтіреді.
*
Маңдайыңыз бозарыңқырап
тұрса, тәттіге аса құмар
жанның бірісіз. Тәттіні
шектен тыс көп жеу ағзаға
зардабын тигізеді.
*
Екі қасыңыздың арасындағы
әжімдердің сызығы көлденең
болса, бауыр қызметінің
нашарлағаны.
*
Маңдайдағы түзу
және көлденең тартқан
әжім белгілерінің көптеп
кездесуі құрамында ақуызы
мол тағамдарды аса көп
пайдаланудың салдары.
*
Қос жанарыңыздың
астыңғы жағы
қошқылданып, қатпарланып
кетсе, бүйректің ауыратыны.
*
Беттің ұшы мен танаудың
айналасындағы тері
қабаттарының қызарып
кетуі ішек-қарын
ауруларының туындағанын
ұқтырады.
*
Танау ұшындағы тамырлар
көлемінің кеңеюі жүрек-
қантамыр жүйесінің қалыпты
жағдайдан ауытқығаны.
*
Бет ұшы мен еріннің
арасындағы бөлікте ақ
немесе қара бөртпелер
болса, сіз қант пен сүт
тағамдарын молынан
тұтынатын адамсыз.
Бронхит ауруының белгілері
де беттің осы бөлігінде
аңғарылады.
*
Иек пен жақ терілеріндегі
ауытқушылықтар жыныстық
қатынастың себеп-салдарынан
хабар береді.
*
Әйелдің иек тұсы қызара
бөртсе, менструальді
кезеңнің басталғаны.
*
Сол бөртпелер ағарыңқы
түсті, әрі қаттырақ болса,
ол әйелдің жыныс
мүшесіндегі саңырауқұлақты
инфекциямен байланысты.
Ала жіппен
тұсау кесу
«...Жас сәби апыл-тапыл басып
жүргенінде тұсауын кесетін
тамаша бір ырым бар.
Расында да осы тұсауы
кесілгеннен кейін көп балалар
құлап, сүрінуді қойып, жүріп те
кетеді. Мұны халқымыз «тұсау
кесер» деп атайды. Баланың
жүріс мәнері тұсауын кескен
кісінің қимыл-қозғалысына
ұқсап кететін болғандықтан,
мінез құлқының «кіндік
шешеге» тартатындығынан
қазақтар баласының кіндігін,
тұсауын кез-келген адамға
кестірмеген. Жас сәбидің
тұсауын кесуге негізінен ала
жіп, көк шөп немесе тоқ ішектің
бір түрі таңдап алынады.
Мұның бәрі нәресте үлкен
өмірге аяғын нық басып енсін
деген ниеттен туған.
Ала жіпті тұсау кесуге
пайдаланудың өзіндік мәні
бар. Есілген жіптің бір қабаты
ақ, екінші қабаты қара болып
келеді. Осы екі қабат
ажырамастай астасып, кезек
алмасып, тығыз өріледі.
Бұл біріншіден, тоқтаусыз
ауысып келіп отыратын күн
мен түннің белгісі.
Екіншіден, тұспалды түрде
тіршіліктің де мағынасы, қара
түс суықтың, қараңғылықтың,
ажалдың бейнесі, ақ түс –
жылылықтың, жарықтың және
тіршіліктің бейнесі. Үшіншіден,
қара түс – әйелдің, ақ түс –
еркектің сипат белгісі.
Яғни, мұнан жұптық жарасым,
тіршілік негізі танылып тұрған
жоқ па. Демек, ала жіптің
екі арқауының қара және
ақ түсті болуында осындай
терең мағына да жатыр»
(М. Сүлеймен,
Отбасы кітабы, 2014 жыл,
314 бетте).
Сәбидің алғашқы қадамы
Жас баланы жүруге үйрету
Жарық дүниеге келгеніне 8–9 ай толысымен-ақ
сәбилердің қимыл-қозғалысы ширап,
белсенділігі артады, дейді балалар дәрігерлері.
Сол кезде олар еңбектегенді қойып, бөлмедегі
диван, орындық тәрізді әртүрлі нәрселерге сүйеніп
тұруға тырысады. Бұл олардың жүруге,
бойын билеуге деген алғашқы талпынысы.
Мұнан кейін бүлдіршіндер қаз тұрудың
техникасын меңгеріп, бір орыннан екінші орынға
жайлап жылжи бастайды.
Содан, 11 айға толғанында шешесінің қолынан
босап, ұстап тұрған заттарынан өз бетінше
ажырап, қарсы алдындағы әкесіне, әжесіне, тәте,
ағасына тәй-тәй басып жетуге тырысады.
Мінеки, осы кезде жас баланы жүруге үйретудің,
сақтық шараларын ойластырудың
маңызы өте зор.
шығын жоғарырақ қойып, соны
тұрып алуға үйретіңіз. Өзі
ұнататын ойыншықтың қай жерде
тұрғанын көрген бала, ол биікте
болмаса, алуға талпынады. Ор-
нынан бір затқа сүйеніп тұрып,
ойыншығын алғанында, оны
сұрап алып, тағы да сәл биіктеу
жерге қойыңыз. Бүлдіршін бойын
тіктеп ұстайды да, ойыншығын
сол жерден де алуға тырысады.
Осылайша, буыны қатая түседі.
Ойыншығын алған сәтте мақтап
қойсаңыз, тіпті жақсы. Сәби
көңілденіп, тағы да солай жасауға
тырысады.
Сәбидің жолына бірнеше орын-
дықты қатар қойып, кейбірінің ара-
сын ашып орналастырсаңыз, оған
қолын созып жетуге қадам басып,
сүйеусіз талпыныс жасайды. Кейін
осы екі аралықты сәл алшақтата
түсіңіз, сәби оны байқамай, екі-үш
аттайтын болады.
Жүру
жаттығулары
1. Балақай алғаш қадам жасаған
сәттен-ақ тепе-теңдікті сақтай
алуы үшін қолынан ұстап, аяғын
бірде ішке, бірде сыртқа қарай
бастыртыңыз. Екі қолынан ұстап,
әуелі аяғының ұшымен, со-
сын қайта табанын бастыртып
жүргізуге ден қойыңыз.
2. Жолына ұзынынан жалпақ
тақтайды,
ағашты
тастап,
соның үстінде қолынан ұстап,
теңселтіп жүргізіңіз. Бұл жаттығу
баланың тепе-теңдігін сақтауына
жәрдемдеседі.
3. Жастайынан баланы жалаң
аяқ қатты заттардың, құмның,
еденнің, қатты кілемнің, массажды
кілемнің үстінде жүргізіп үйретсе,
жалпақтабандықтың алдын алуға
көмектеседі.
Тепе-теңдікті сақтау үшін тағы
да мынандай жаттығуларды
жасаңыз:
4. Сәбиді тігінен тұрғызып
қолмен ұстап тұрыңыз да, бір
аяғын бүгіп, бір аяқпен 10 секунд
тұрғызып қойыңыз. Сосын екінші
аяғымен.
5. Баланы өздігінен тұрғызып,
бір аяқпен секіртіңіз. Күн сайын
қайталап, жасатыңыз.
6. Бір аяғын бүгіп, денесін
алға қарай еңкейту қажет. Со-
сын бастапқы қалпына келтіріп,
екінші аяғын бүгіңіз де, денесін
алға қарай еңкейтіңіз. Жаттығу
қайталанса, пайдалы. Бастапқыда
оны балаға жасату қиынға соғуы
мүмкін. Сол сәтте сәбиді құс бо-
лып ұшу тәрізді ойындармен
еліктіріп, жаңағы жаттығуды
жасатуға қызықтырыңыз, бала
тез үйреніп, жалықпай жасайтын
болады.
Өздігінен жүруге
ерік беру
Дәрігерлер, тәрбиешілер:«Мүм-
кіндігінше, баланы жүргізуге ар-
налған көмекші құралдарды,
соның ішінде сүйеніп жүретін үш
дөңгелекті шағын арбаны (ходу-
ноктарды) көп пайдаланбаңыз»,
– деп ақыл-кеңес айтады. Бұл
сәбиді де, өзіңді де алдаусыра-
ту. Оған сәби ұзақ уақыт үйреніп
алса, өздігінен жүргенде денесіне
күш түсіп, көмекші құралдарсыз
жүрмей немесе олардан ажыра-
май, өздігінен жүруге мүлдем та-
лаптанбай да кетуі мүмкін.
Сәбиді үнемі қолтығынан де-
меп те жүргізе бермеңіз. Ұдайы
біреудің көмегіне сүйену, олар-
ды өздігінен әрекет етуге
үйретпейді. Ең бастысы, сәбидің
тізе буындары мен табандары
жетілмей қалады. Оған алғашқы
қадам жасатудағы ең қолайлы
жағдай – қолының буынынан
әйтпесе иық тұсынан демеп ұстау.
Сәбидің үстіндегі күртешесінің
жағасынан, күләпарасынан ұстап
та жүргізуге болады. Мұндай кез-
де баланың алға қарай құлап
кетпеуін, арқасының бүгілмеуін
қадағалаңыз.
Өздігінен тұрғызу
Бүлдіршін еш тірексіз өздігінен
тұрса, қуана беріңіз. Ол енді сіз
қолынан ұстап тұрғанда тізесін
бүгіп, жартылай отырып, еш
көмексіз өздігінен тұруға талпын-
сын. Табанын басып тұрғанында
аяқ саусақтары ашылмасын.
Әрі қарай жаттығу баланың
аяқ ұшымен тұрып 4–6 рет оны
қайталап жасауымен жалғассын.
Баланы түрлі ыңғайда жатқызу,
отырғызу, қайта тұрғызу, секірту,
аяқ-қолдарын тіреп (төрт аяқтап)
жүргізу тәрізді жаттығулар өте
пайдалы.
Аяқтың
мықтылығы
Бала түзу тұрсын. Бір адам (әкесі,
ағасы) оның екі аяғын біріктіріп,
өкшесінен ұстап тұрады да,
қолынан ұстап отырғызады, сосын
қайта тұрғызады. Осы жаттығуға
үйретіп алып қимылды қиындата
түсу қажет. Яғни, енді баланың
өзін екі аяғы бүгулі қалпында
бірнеше минут отырғызуға үйретіп
көріңіз. Бұл жаттығудан сүрінбей
өтсе, аяғын біріктірген күйде
отырғызып, тұрғызып, жаттығуды
одан әрі ұлғайтыңыз.
Ойынмен
еліктіру
Бір жасқа толған бала бір
орында тұрмайды. Сол уақытта
ойынға алдандырып, жүріп
кетуін жеделдетеді. Неме-
се алысырақ отырып: «Балам,
маған анау затты әкеліп берші»,
– деп өтініш жасасаңыз, ол оны
міндетті түрде орындауға тал-
пынады. Далаға алып шыққанда
да: «Жүре ғой, алдыңдағы
автокөлікті көріп қайтайық», –
деп бір затқа қызықтырыңыз. Ол
соны көру үшін әжептәуір жүріп,
бойын шынықтыра түседі, ой-
лау, көру, есту қабілеті де да-
миды.
Қозғалыс бағдарын
үйрету
Баланы оңға, солға, алға, артқа
қарай жүргізу – жаттығудың
бір түрі. Артқа қарай жүріп
үйренген баланың аяғы мен таба-
ны нық басады, нысанаға қарай
дәл жүру бағдарын меңгеруіне
жәрдемдеседі, қимыл-қозғалыс ко-
ординациясын түзейді, ішкі сезімін,
таным-түсінігін қалыптастырады.
Бала жүргенінде, түрлі жат-
тығулар жасағанда шаршайды,
көтеруді сұрайды. Тілегін орын-
дап, жұбатсаңыз, жүруге қызы-
ғушылығын жоғалтпайды.
Жүру қауіпсіздігі
Бөлмеде, жүрген жолын-
да үшкір, қырлы заттар бол-
масын. Жүру жаттығуының
жиһаздар толы бөлмеде, сына-
тын бұйымдар, ауыр заттар бар
бөлмеде жасалмағаны дұрыс.
Еденге төселген кілемнің шеттері
қайырылып қалмасын, назар-
дан тыс қалдырмаңыз. Жұмсақ
жиһаздар тұрған бөлмеде сәби-
лер өздерін еркін сезінеді.
Ұйықтар
алдындағы жаттығу
мен массаж
Күні бойы қозғалыста шаршаған
балаға ұйықтар алдында кішігірім
жаттығу, массаж жасату керек.
Ол былай жүзеге асырылады:
* Баланың оң аяғы мен сол
қолын ұстап кереді, сосын оны
сол аяқ пен оң қолға жасайды.
* Енді екі қолды айқастырып,
жайлап тартады.
* Етбетінен жатқызып, арқасын
сипап, уқалайды.
*Шалқасынан жатқызып, аяғын
уқалап шығады.
* Оң аяғының өкшесін сол
қолмен ұстап, ал ұшын оң қолмен
ұстап, оңға және солға қарай ай-
налдырады. Жаттығуды екі аяққа
да жасайды.
* Тізені саусақ ұшымен жайлап
уқалайды.
* Саусақпен аяқтарының бә-
шайларын бір-бірлеп уқалайды.
* Сосын өкшесін уқалайды.
* Балтырын жаймен шымшы-
лап, массаж жасайды.
* Ең соңында етпетінен жат-
қызып, жамбасынан бастап
аяқтарының ұшына дейін массаж
жасап, уқалап шығады.
Балаға қорқынышсыз алғашқы
қадам басуды, жүруді үйрету
– тәрбиедегі ең маңызды мәсе-
лелердің бірі. Оны балалар
дәрігерімен
ақылдаса
оты-
рып жүргізген оңтайлы. Мұны
ата-анасының өзі бастап, от-
басы мүшелерінің жайлап жал-
ғастырғаны, жаттығу барысында
балаға физикалық күш түспеуін
қадағалағаны абзал.
Наурызбай
Ақбай:
«Тұсау кесу – бала тәрбиесіндегі
әдет-ғұрып, ырым. Баланың
аяғын жіппен немесе қойдың
піскен майлы ішегімен тұсап,
бала-шағалы, аяғы жеңіл, ақкөңіл
адамға кескізеді. Тұсау кесу
құрметіне тағам дайындап, көрші-
қоланды жинап, жеңіл-желпі
сый-құрмет көрсетіледі. Тұсау
кескен адамға сыйлық тартады.
Жиналғандар сүрінбей, сәбидің
тез жүріп кетуіне тілектестік
білдіреді. Тұсауды ала жіптен жа-
сау көне шаман дініне сенуге бай-
ланысты қалыптасқан».
Мақсұтбек
СҮЛЕЙМЕН.
Жүруге дайындық
Сәбидің алғашқы қадамын жа-
сауға деген талпынысы бір-тін-
деп жүзеге асырылуға тиісті.
Себебі, оның қозғалыс-тірегі ал-
ғашқы қадамдарын жасауына тез
бейімделмейді. Сәби ең бірінші
еңбектеуді
жақсы
меңгеруі
қажет. Сосын барып оны қолынан
жетектеп жүргізуге үйретіңіз.
Дәрігерлердің айтуынша, ол
еңбектеуді игеру үстінде бұлшық
еті мен буын жүйесін жетілдіре
түседі де, шеміршек қалпындағы
сүйектері бекиді, қимыл-қозғалыс
тірегінің жұмысы жақсарады.
Алғашқы қадам
Ең алғаш жүруге ынталанғанда
сәбиге аздап екпін керек-ақ.
Сонда ол қорқынышсыз жүруге
талпынады. Алайда жүріп, жү-
гіріп кеткенше, қай-қайсы да
үстел, диван айналасынан басқа
бағытқа қадам жасауға қорқады
да. Осыны ұмытпаңыз. Бұл үрейді
жеңдіру үшін баланы үстелді ай-
налдыра қуалап, ойнаған дұрыс.
Далаға серуенге шыққанда же-
тектеп, үйде төсеніш бар жер-
де жүргізіп, түрлі заттарды
көтерткізіп, арқасын тік ұстатып,
психологиялық жағынан шыңдай
түскен орынды. Егерде бала
қадам басу, жүру қорқынышты
емес екенін сезіп, түсінсе, өзіне
деген сенімі артып, тез жүріп те
кетеді. Негізінен бала алғаш жүре
бастағаннан-ақ аяғына табаны
қатты, арқасы ыңғайлы аяқкиім
кигізіп, сонымен жүруді үйреткен
жөн. Аяқ киім дұрыс таңдалмаса,
баланың аяғына, табанына,
жүрісіне зиянын тигізеді. Және де
баланы қадам арбаға (ходунокқа)
көп отырғызбаңыз. Оның орнына
орындықты ұстатып, қабырғаға
сүйентіп тұрғызыңыз, сөйтіп,
алғашқы қадамдарын жасатыңыз.
Балаңыздан бір қадам алысырақ
тұрып, оны өзіңізге қарай
шақырыңыз. Жүруге жетектеп
үйреткенде баланың аяғына,
омыртқаларына салмақ түспейді,
ол еш зиянсыз.
Құлап қалса...
Әр нәрсеге сүйеніп жүре
бастағанда сәбилер жиі құлап
қала береді. Үйреншікті жағдай,
одан қорықпаңыз. Құлау да
баланың жүруге үйренуінің
алғашқы
сатылары.
Соған
сәйкес, бала құлап қалғанда
оған онша мән бермегенсіп,
«Байқа, құлап қалма» деген
ескертулерді іштей ғана ай-
тып, сыртқа шығармаған тиімді.
Бала жүре бастағанда бөлме
ішінде, жолында, жан-жағында
сүріндіретін, құлататын заттар
болмасын. Еден тегіс, жыл-
тыр болса, бала тайғанақтап
қатты құлап қалады да, денесін
зақымдап алады. Оған да жете
мән беру қажет-ақ.
Жүруге
ынталандыру
Сәби жүруге талпынғанында
назарын
әлденеге
ауда-
рып, қаз-қаз басып қозғалуға
қызықтырған жөн. Ол еңбектеп
жүрсе, еденде жатқан ойын-