Стр. 9 - инфоцес

Упрощенная HTML-версия

Астана айнасы
ИНФО
-
ЦЕС
№ 16 (1481)
24
сәуір
2015
жыл
9
Ұлы Жеңіске
70 жыл
1941–1945 жылдардағы неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғыста қазіргі ТМД
елдерінің халқы біртұтас ынтымақта бостандық, жеңіс үшін шайқасты. Соның нәтижесінде
КСРО құрамындағы барлық ел мен жерді зұлым жаудан қорғап, оларды өз ұясына қуып тығып,
талқандады. Бұл соғыста тылдағы адамдар да қажырлы қайрат танытты, соғыстан қайтқан
мүгедектер де шама-шарқынша еңбекке араласып, жеңісті жақындатты.
Отан үшін от кешкендер
Ес білгелі естігенім, Жеңіс күні
жақындаған сайын марқұм әкей:
«Елге жете алмаған қайран боз-
дақтар-ай, қай топырақта қалдындар
екен?» – деп, күңіреніп отырушы еді.
Мен енді есіме түскен бір хикаяны
айтқым келді. Біздің ауыл – Астана-
дан 25 шақырым жердегі Тайтөбе
елді мекені. Аталарымыздың ескі
тұрағы осы ауылдың күнбатысында,
Алқа Қарасу деген Нұра өзенінің
сағасындағы Бәймен байдың ауылы.
Олар үш ағайынды болған: Бәймен,
Бәйет, Сәйет. Сұрапыл соғысқа осы
үш атаның да балалары қатысты.
Ағаларымыздың көпшілігі ұстаздар
болатын.
Бәйет бабаның немересі Алиак-
паров Хасен ағай жеңіл жарақатпен
елге аман оралған. Петропавловскіде
ұстаз болып, сол жақта көп жыл бойы
тұрып, кейін Қорғалжын ауданының
орталығына көшіп келіп, ұстаздық
еңбек жолын одан әрі жалғастырды.
Зейнеткерлікке шыққаннан соң,
Майданда қазақстандық жауын-
герлер, олардың ішінде қаракөз
бауырларымыз ерекше ерлік
көрсетті. Солардың бірі Өмірбек
Мақажанов еді.
Ол
1912
жылы
Ақмола
облысының Күлшін ауылында
дүниеге келген еді. Соғысқа дейін
ауылда механизатор болып еңбек
етті. Шаруашылықтың жауапты
науқандарының бәріне де белсе-
не араласып, ел игілігін еселеу-
ге, экономикасы мен әлеуметтік
жағдайын жақсартуға сүбелі
үлес қосты. Әйелі, төрт баласы
бар іргелі шаңырақ иесі бола-
тын. 1941 жылғы 25 желтоқсанда
әскерге алынып, 1943 жылғы 25
желтоқсанда кескілескен шайқас
үстінде ерлікпен қаза тапты.
Суретте:
Өмірбек Мақажанов
1916 жылғы 1 қарашада дүниеге
келіп, 14 жасынан еңбекке
араласқан, 1930–1934 жылда-
ры бригада есепшісі, колхоз
бригадирі, ауылдық кеңестің хат-
шысы болған Әбікей Қасенұлы
жапондармен де, фашистермен де
шайқасқан ержүрек жауынгер еді.
Ол 1936 жылы Күләнда Іді-
рісқызымен қосылып, шаңырақ
құрады. 1937 жылы әскер қа-
тарына алынады да, 1939 жылы жа-
пон соғысына қатысып, 1940 жыл-
ғы қараша айында елге аман-
есен оралады. Көп ұзамай Қима
ауданының Терісаққан кеңшарын-
дағы орта мектепте еңбек жо-
лын мұғалімдіктен бастап, жас
ұрпаққа тәлім-тәрбие береді. Сол
кезде соғыс оты тұтанып, ол 1941
жылы майданға аттанады. Содан
1946 жылғы шілде айында туған
жерімен бір-ақ қауышады. Әбікей
аға соғыстан елге кеудесі толы ор-
ден, медалдармен оралады.
Әбікей Қасенұлы 1946–1957
жылдары Қима ауданындағы Дон-
ской, Лозовой, Монастырка, Но-
вочудный ұжымшарларының төра-
ғасы, 1957–1959 жылдары аудан-
дық жол жөндеу мекемесінің бас-
тығы, 1959–1963 жылдары Тайпақ
кеңшарының директоры, 1963–
1968 жылдары қайтадан жол жөн-
деу мекемесінің бастығы, 1968–
1970 жылдары Жақсы ауданында
ауылдық кеңестің төрағасы,
1970–1972 жылдары Терісаққан
кеңшарының Қоқсай бөлімшесінің
меңгерушісі, 1972 жылы Жаңадала
аудандық жол жөндеу мекемесінің
бастығы болып еңбек етті. 1977
жылғы наурыз айында 47 жылдық
еңбек мерзімімен зейнеткерлік
демалысқа шықты. Соғыстан ха-
барсыз кеткен бауырлары ата-
усыз қалмасын деп, олардың
есімдерімен немерелерін Шәріп,
Бектұрған, Бекім деп атайды.
Ол 2003 жылғы шілдеде, 87 жа-
сында Астана қаласында қайтыс
болды, майдангердің асыл сүйегі
Жақсы ауданындағы мұсылмандар
қорымындағы әкесінің зиратының
жанына апарылып, жерленді.
Жұбайы Күләнда апай да 87 жасқа
келіп, Шәріп немересінің үйлену
тойына қатысып, 2005 жылғы
29 наурызда Алматы қаласында
өмірден өтіп, Аршалы ауданының
Жібек жолы ауылындағы бейітке
әкелініп, ақтық сапарға арулап
аттандырылды. Ерлі-зайыптылар
бірге 69 жыл өмір сүріп, 10 бала-
лы болды. Олардың төртеуі ерте
шетінегенімен, қалған алты бала-
сынан он бір немерені сүйіп кетті.
Суретте:
Әбікей Қасенұлы.
Шөпіш Ұябекова апамыз 1938 жылы
Ақмола қаласындағы жетіжылдық
мектепті бітіріп, Петропавлдағы
малдәрігерлік техникумына түседі.
Ашылғанына алты жыл ғана болған
техникумда өте жақсы оқып, 1939
жылы комсомол қатарына өтіп, келер
жылы комсомол ұйымының хатшысы
болып сайланады. Ал жазғы дема-
лысты жай өткізбей, қаладан қашық
ауылдарға шығып, «Сауаттану» (Лик-
без) мектебінде ересектерді оқытады.
1941 жылы мамыр айында техни-
кумды үздік бітіріп, диплом алады.
Ақмола ауданының «Қызыл ту» колхо-
зына мал дәрігері болып белгіленеді.
Ол – қазіргі Оразақ ауылы. Бірақ,
бейбіт өмірдің кенеттен шырқы
бұзылып, соғыс басталады. Ертеңіне
ағасы Сағынай майданға аттанады.
Ағасын шығарып салуға вокзалға
барғанда, жылап жүрсе де, өзі сияқты
жас қыздардың да майданға кетіп
жатқанын көзі шалып қалады. Ішінде
өзімен 7 кластан кейін медучилищені
бітіргендер де бар. «Қысқа мерзімді
курстан өтсем, майданда санитар не-
месе медсестра болып жауынгерлерге
көмектесе аламын ғой, тек анама қиын
болмаса?» – деп ойлайды. «Бірақта
Отан басына туған қазіргі қауіп-қатер
бәрінен де қиын емес пе», – деп тағы
толғанады.
Ақыры анасы көніп: «Өзің біл,
қызым, тең құрбыңнан кем болма!» –
деп ақ батасын береді.
Ертеңіне Шөпіш апамыз қалалық
комиссариатқа келіп, өтініш береді
де, екі күн өтпей-ақ жауап алады.
Сөйтіп, он сегізден он тоғыздың өріне
енді ғана көтерілгенінде, авиациялық
байланыстың кіші мамандарын даяр-
лайтын алты айлық училищенің кур-
санты болады. Ол осы курсты жақсы
оқып бітіріп, «Радист байланыс-
шы» мамандығын, «сержант» деген
әскери атақ алады. Содан Солтүстік
майданда соғысып жатқан алтыншы
армияның төртінші авиациялық ди-
визиясына жіберіледі. Авиациялық
әскери бөлімде қызмет ететін радист-
байланысшылардың
жауынгерлік
міндет-жүгі аса ауыр еді. Әрі жауап-
ты да. Қазақ даласынан өзі жүрегінің
әмірімен барған алғыр қыз майдан
өміріне тез көндігіп кетеді де, пары-
зын абыроймен орындауға кіріседі.
1944 жылы Кеңес әскері Польшаның
қалалары мен селоларын жаудан азат
етті. Әрине, оған ақмолалық Шөпіш
апамыз да қатысты. 1944 жылдың
қысында Варшава қаласы жау-
дан босатылғаннан кейін Берлинді,
оның жанындағы толып жатқан
бекіністерді бомбалау үшін самолет-
тер аспанға жиі көтерілетін болды.
Осыған орай Шөпіш сияқты радист-
байланысшылардың жүгі біршама ау-
ырлай түсті.
«Біз кезекпен күндіз-түні байланыс-
та болдық. Ал 1945 жылдың басында
Варшавадан бір топ поляк қыздары
келді. Біз оларды радио байланы-
сы қызметіне үйреттік. Қашан соғыс
аяқталғанша олар бізбен бірге бол-
ды», – деп еске алатын еді Шөпіш
апай.
1945 жылғы көктемде авиациялық
дивизия Данциг қаласында тұрған-
ды. Шөпіш осы қаладан фашистік
Германия аспанындағы Кеңес әскери
ұшақтарымен радио байланысты
үзбей жасап тұрды. Көп ұзамай
Берлин де тізе бүкті. Сонда радист
қыздардың қуанышында шек болған
жоқ. Олар дивизия командирінен
рұқсат сұрайды: «Тап іргесінде
тұрып, Берлинді көре алмай кетеміз
бе? Фашизмнің қанқұйлы ордасын
талқандаудағы өз әскерлеріміздің
ерлігін көргіміз келеді». Дивизия
командирі рұқсат беріп, Шөпіш
бастаған бір топ радист қыздар Бер-
линде үш күн болып қайтады.
Шөпіш Ұябекова өзі туған қаласына
1945 жылдың қысында оралды. Май-
данда коммунистік партия қатарына
өткен қазақ қызы омырауына
«Ержүректілігі үшін», «Жауынгерлік
ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін»,
«Варшаваны азат еткені үшін» медал-
дарын қадап қайтты. Бірақ оны қуаныш
пен бірге қаралы қайғы да қатар күтіп
тұрған еді. Ағасы Сағынай соғыста қаза
тауыпты. Шешесі де дүние салған. Енді
ағадан қалған үш бірдей сәбилерді
тәрбиелеу жүгі Шөпіштің мойнына
жүктелді. Ол апалық парызын абырой-
мен атқарды. Ағасынан қалған Алтын,
Кеңес, Шәрипа ешкімнен кем болмай
оқып білім алды, әрқайсысы жанұя
құрып, балалы-шағалы болды. Одан
басқа алыс аудандағы апаларының
Еркеш, Мереке тәрізді тағы да басқа
жиен-жекжаттың
ұл-қыздарына
қамқор болды, білім алуларына дұрыс
бағыт-бағдар беріп, қамқорлық жаса-
ды. Ауырғандары болса, жанынан та-
былды.
Шөпіш апай менің қайын атамның
қарындасы еді. Он бес жылдай
облыстық партия комитетінде жауап-
ты қызмет атқарды. Облыстық Кеңес
атқару комитетінің аппаратынан
құрметті еңбек демалысына шықты.
Аяулы да ақылды апамыз 1993
жылы өзі туып-өскен Ақмолада
өмірден өтті.
Астанаға келіп, 80 жастан асып,
қайтыс болды. Ұрпақтары бар.
Сол ағай Петропавловскіде тұр-
ғанында өзі қатарлас майдангерлер-
мен кездесіп өзінің ақмолалық екенін
айтады. Сол ақ екен, әлгілердің бірі
өзінің танкист болғанын, Германия-
да ауыр шайқаста қатты жараланып,
немістердің қолына түскенін бастан
аяқ айтып береді де, госпитальда
екі аяғы кесілген, екі қолымен ғана
жүретін ақмолалық Қазыкенов деген
қазақ болғанын баяндайды.
Тұтқындағы жауынгерлерді, оның
ішінде өз азаматтарын құтқаруға ең
бірінші болып Түркия мемлекетінің
өкілдері келіпті. 7–8 түрік азамат-
тарының дәлізден өткенін көріп
Әбдірахман палатаның есігін ашып
қойып, әлгі өткен адамдардың жолын
тосып отырады. Жаралы жерлестерін
аралап шыққан соң әлгі дәлізбен қайта
келе жатқан адамдарға екі қолын
төсіне басып: «Ассалаумағалейкум»,
– дейді. Түріктер жердегі домаланған
адамға жалт қарап, сәлемін алып,
өзара сөйлеседі. Сол кезде «мұсыл-
ман» деген сөзді түсіне қалған ағай:
«Иә, Ләйләһа ил Аллаһ мұ-
сылманмын», – деп тіл қатады.
Бастығы жанындағыларға мұны
қолымен көрсетіп: «Мына адамды да
алып шығыңдар», – деп нұсқау береді.
Сол жерде түріктер госпиталь
ашып, ауыр жаралыларды емдеуге
қалдырып, қалғандарын елдеріне
алып кетеді. Осы оқиғаны айтып
берген майдангер Хасенге: «Сен
ақмолалық екенсің, мүмкін сол кісіні
білетін де шығарсың. Шіркін, сол
Қазыкенов еліне жетті ме екен», –
депті.
Хасен ағай әлгі кісіге Әбдірахман
ағаның елге келгенін, аяғына про-
тез салып жүретінін айтыпты. Және
екеуінің жақын туыс екенің, әрі қарай
ұстаздығын жалғастырып, үйленіп,
бала-шағалы болғанын да әңгімелейді.
Майдангер оған қатты қуанады, тіпті
көзіне жас та алады. «Екі қолымен
жер таянып жүргенінде дәкелермен
кескен жерлерін таңып, сыртынан
қап кигізіп қойған екі аяқтың орнынан
аққан қан еденді жуып кететін еді ғой.
Қырық жыл қырғын болса да, ажалды
өледі деген, сірә, осы болар», – дейді
күрсініп.
Бұл оқиғаны 2003 жылы Хасен
ағамыз өз үйінде қонақта отырғанда
айтқан-ды. Хасен аға ағайынды үшеуі
соғыста болған жандар еді. Үлкен
ағасы – Хамит Алиакпаров қаза бол-
ды. Одан кейінгісі Мұхамедрахым
(Шоқан) Алиакпаров та өкпесінде сна-
ряд сынығымен елге келіп, ұстаздық
еңбек жолын жалғастырып, Тайтөбе
орта мектебінде, Талдыкөл мектебінде
еңбек етті, 1953 жылы қайтыс болды.
Ағайынды үшеуінен де ұрпақтар бар.
Қазір есіме алып отырған Әб-
дірахман Қазыкенов ағамызды елге
аман әкелген қиындықта аузынан
шыққан «Ассалаумағалейкум» және
«Ләиләһа ил Аллаһ» деген екі ауыз
сөздің шарапаты шығар, деп ой-
лаймын. Бұл ағамыз Сәйет бабаның
немересі. Ағасы Қадыр Қазыкенов
те соғыста болып, қолынан жарақат
алған, саусақтары түгел емес-ті. Ол
кісі де ұстаз болып, Көкшетауда,
кейін Тайтөбе орта мектебінде та-
рих пәнінен сабақ берді. Мектеп
партия ұйымының хатшысы болды.
Мен оқушылар комсомол ұйымының
хатшысы болдым, сол кезде қабырға
газеттеріне мақала жазу тәрізді
қоғамдық жұмыстарға тапсырма
беріп: «Бұл жұмыстарға қолғабыс
бергенің маған жақсы, үйренгенің
өзіңе жақсы», – деп қоятын. Кейін
ол кісіні Қызылжар ауылындағы
мектепке ауыстырды, одан әрі
Қорғалжын ауданындағы Жанте-
ке орта мектебінде ұстаз болып,
бала-шағалы болып, өмірден өтті.
Ұрпақтары бар.
Ата-бабаларымыз
мұсылманша
сауатты болған кісілер. Жоғарыдағы
аталған ағалар әуелі мұсылманша
дәріс алып, сосын мектепте оқы-
ғандар.
Топырақтарыңыз торқа болсын,
ұлағатты ұстаздар, соңына ізгі іс,
жарқын із қалдырған, аяулы аға-
ларымыз.
Суретте: еңбек-соғыс ардагері
Әбдірахман Қазыкенов.
Мақсат НАУАНҰЛЫ.
Елге
ә
келген екі с
ө
з
Апайдың жауынгерлік жолы
Ерлікпен
қаза тапты
Екі соғысқа
қатысқан
Майдангер Шөпіш Ұябекова
мен Хамит, Мұхамедрахым,
Хасен Алиакпаровтарды,
Қазыкенов Әбдірахманды
туған-туыстары атынан
еске алушы
Раушан Хамитқызы.