ИНФО-
ЦЕС
№ 33 (1396)
23
тамыз
2013
жыл
9
АСТАНА АЙНАСЫ
Құрылысы мен
қызметі
Бүйрек – адам мен
омыр т қ алы жану арлар
ағзасындағы несеп түзе-
тін және оны сыртқа
шығаратын жұп мүше. Ол
қан айналымы көлемінің
99 пайызын қайта сіңіріп,
қайта бөледі және осы
жолмен тазартылған қан-
ның 0,1 пайызын ғана
сыртқа шығарады. Бүйрек
қою қызыл түсті, көлемі
үрмебұршақ тәрізді болып
келген. Ересек адамның
бүйрегінің салмағы – 120-
200 грамм, ұзындығы 10-12
сантиметр.
Бүйрек қыртысты және
милы екі қабаттан тұрады.
Несеп жиналатын кеңістік
– бүйрек тостағаншасы.
Бұл ағза мүшесінде бүйрек
күретамыры, бүйрек көкта-
мыры, несепағар, қыртыс-
ты, милы қабаттар бар.
Бүйректің
ішінде
не-
фрондар деп аталатын
миллиондаған микроско-
пиялық сүзгілер орналас-
қан. Олардың әрқайсында
ұзын тұзақты түтік ар-
қылы су мен өзге зат-
тарды өткізетін қан та-
мырларының к ішкене
шоғыры болады.
Сусамыр (диабет) ауруы-
ның
бүйрекке
зақым
келтіруі мүмкін. Өйткені,
бұл сырқатта қандағы
қант деңгейі артады, содан
бүйрекке көп мөлшердегі
қанды сүзгіден өткізуге
тура келеді. Бүйрек та-
стары негізінен кальций
мен минералды тұздардан
жиналады да, зәр шығару
жолымен кез-келген жерде
тұрып қалады. Бүйректегі
қан ағысы мидан, бау-
ырдан, тіпті жүректен де
жоғары. Ол күн сайын қан
құрамын токсиндерден та-
зартып, ағзадағы химиялық
заттардың
тепе-теңдігін
реттеп отырады.
Бүйрек қызметі
бұзылғанда
Адам ағзасындағы бүй-
рек қызметінің бұзылуы
өте қауіпті. Сол себепті,
оның сырқаты біліне бас-
тасымен-ақ дәрігерге қа-
ралып, емделу қажет. Жал-
пы, бүйрек жұмысының
бұзылуы оған құм немесе
тас жиналып қалуынан бо-
лады. Халық медицинасын-
да бүйректті тазалаудың,
емдеп жазудың бірнеше
түрлері бар. Дәрігерлік
кеңес бойынша, бүйрек
қабынуы аутоиммундік си-
патты сырқатының алдын
алу шаралары сәби дүниеге
келген күннен-ақ жүзеге
асырылуға тиісті. Бұл орай-
да әрбір ата-ананың балаға
тұмау тиюдің, оның суыққа
шалынуының, тамақ баспа-
сымен ауыруының бүйрегін
зақымдайтынын білуі қа-
жет.
Бүйрек – ағза сүзгісі
Түрлі сусындар мен та-
ғамдар
арқылы
адам
ағзасына берілетін барлық
зат
қан
айналымымен
бүйректен өтеді, сонда
түзіледі. Жұқпалы аурулар
мен микробтардың жұғуы
да бүйрекке әсер етеді.
Суық тию де бүйрекке зи-
янды. Сол себепті, бүйрек
қызметінің бұзылуынан
сақтану үшін денені шы-
нықтырудың,
саламатты
өмір салтын ұстанудың
маңызы өте жоғары. Осы
орайда суық тиюді жеке
алып қарастырсақ, суық
тию
адам
ағзасының
қызметін әлсіретеді де зар-
дабы бүйрекке тиіп, онда
қуықтың қабынуын туды-
рады. Бұл жұқпалы вирус -
пиеолонефриттің белгісі. Ал,
пиелонефриттің негізінде
бүйрекке тас түседі.
Бүйректегі аурулар ал-
дымен құмның, содан кейін
бүйрек пен қуықта тастың
пайда болуынан басталады.
Бұл сырқаттар, ең бірінші,
сүт пен сүт тағамдарын шек-
тен тыс артық пайдаланудың
да көрінісі.
Уролитиаз – бүйрекке
тас байлану.
Бұл не-
сеп тас ауруының түрі.
Қазақтар оны «Тынжытас»
деп те атаған. Көбіне 20-50
жас аралығында кездеседі.
Аурудың алғашқы белгілері:
адамның бүйрек тұсынан
шаншу қадалады, сыз-
дап ауырады. Кейін шаншу
күшейеді, науқас мазасыз-
данады. Шаншу кіндікке,
бүйрек пен қуыққа, шапқа
беріледі. Бұл кезде адам
лоқсиды, құсады, іші кебеді
(парез), несепке қан ара-
ласады, онда ауру тудыра-
тын микробтар болса, дене
қызуы көтеріледі, зәрде
ірің (пиурия) болады. Кіші
дәрет жиілейді, қуық аши-
ды, несепағар түтікшеде
түйіршік тастар тұрып қалса,
зәр жүрмейді. Бұл науқастың
өміріне өте қауіпті.
Халық емшілері суық тиіп,
ОРЗ-мен ауырғанда бүйректі
қорғау үшін және бүйректі
тазарту мақсатында емдік
шөптерден жасалған «Бүй-
рек шайын», түрлі тұндыр-
маларды ішуге кеңес береді.
Бүйректі суықтан қор-
ғау.
Адамға суық тиген-
де, оның зардаптарынан
бүйректі қорғау үшін міндетті
түрде бүйрек шайын, емдік
өсімдіктер тұнбасын ішу ке-
рек. Дала қырықбуынынан,
доланадан жасалған, басқа
да өсімдіктерден әзірленген
тұндырмаларды түрлі сусын-
дардың (әсіресе, жасанды
сусындардың) орнына ішкен
пайдалы. Таза судың орны-
на ақбас жусан, таңқурай
қосылған дәріханалық шай-
ды да ішкеннің шипасы мол.
Бұл шай (тұндырма) тыныс
жолының қабынуына жақсы
ем.
Халық емшілері ақбас
жусанға құлпынай, долана
жапырағын қосып, бүйрекке
арналған шөптерден қайнат-
па дайындап, қолданудың
да оңды әсері барын айта-
ды. Ал, бақбақ тамырының 2
ас қасық кепкенін шайнекке
салып, үстінен қайнаған су
құйып, шай ретінде ішу тіпті
пайдалы. Жалпы, саябақта
бақбақ өсіп тұрса, оны тамы-
рымен қазып алады, тазалап
жуады, орамалмен сүртіп,
ұсақтап турайды, қағаздың
арасына салып кептіреді де,
салқын жерде сақтап қояды.
Сосын кепкен бақбақты
күніне 3 уақыт шай сияқты
демдеп, ішіп отырады. Оған
құлпынай, таңқурай қосса,
шай дәмді болады.
Бүйректі тазарту.
Мүк-
жидек адам ағзасындағы
зәр шығаратын жолдардың
қызметін арттырады. Бүй-
ректі тазалауда имбирь
тамыры да кеңінен пай-
даланылады. Ақжелкектің
(петрушканың) тамырын та-
залап жуып, ұсақтап турап,
оның бір ас қасығына бір
стақан қайнаған су құйып,
ашқарынға ішсе (күніне үш
стақаннан тамақ алдында
30-40 минут бұрын), ол да
шипалы.
Бүйректі тазалауда зы-
ғырот (льянка) дәнінің тұн-
басы көп қолданылады. Оны
былай әзірлейді: 1 стақан
суға 1 ас қасық зығырот
дәнін салып, 5 минут
қайнатады, сосын суытады.
Бұл тұнбаны 2 сағат сай-
ын жарты стақаннан 2 күн
бойы ішеді. Тұнбаның дәмін
келтіру үшін оған лимон шы-
рынын қосса жақсы. Немесе,
оған қантты әйтпесе балды
да қосып, ішуге болады.
Қарбызбен
тазарту.
Мұны жаздың соңында,
қарбыз маусымында жасай-
ды. Ол үшін бір апта бой-
ына қарбыз бен қара нан
ғана жейді. Бұл әрі тамақ,
әрі сусын, залалы жоқ емдік
тәсіл. Бір апта қарбызбен
тазаланғаннан кейін ыстық
ванна қабылдай отырып,
үсті-үстіне мұздай қарбыз
жейді. Бұл емдік мерзім
бүйректің белсенділігі арта-
тын сағат 17-21 аралығына
немесе түнгі сағат 2-3
аралығына тұспа-тұс келсін.
Ыстық ванна мен мұздай
қарбыз зәрді қуалайды, оны-
мен бірге бүйректегі тас пен
құм сыртқа шығады. Мұны
«пышақсыз операция» деп
те атайды. Ал енді жүрегі
сыр беретін адамдар үшін
осындай емді қабылдағанда
корвалол, валидол дәрісін,
мүсәтір (нашатыр) спиртін
дайындап қойғаны жөн.
Алғашқы апта емі нәтиже
бермесе, араға екі апта
уақыт салып, бүйректі
қайтадан қарбызбен тазар-
тыңыз.
Пихта майымен тазар-
ту.
Жыл маусымындағы ауа
райы жағдайына сәйкес бір
апта бойы зәр шығаратын
(бөлетін) тұнбалардың бірін
әселмен (бал) ішу қажет.
Бұл кезде тамақтану веге-
тарианды түрде. Ал енді
жетінші күні әлгі тұнбаны
пихта майымен қосып, бес
күн бойы тағы да ішеді.
Жазда қарбызды, күзде
және қыста дущиса, шал-
фей, спорыш, мелисса,
итмұрын (шиповник) не-
месе зверебой шөптерінің
50 грамынан жасалған
тұнбаны пайдаланады. Оны
бір стақан қайнаған суға са-
лып, қошқыл түске жеткізе
демдейді. Бір апталық
әзірліктен соң ішіп жүрген
100-150 грамм тұнбаға 5
тамшы пихта майын қосады
да, тамақтың алдында 30
минут бұрын күніне 3 реттен
бір апта бойы қабылдайды.
Оны әбден араластырып
барып, түтікше арқылы
ішпесе тіс бүлінеді. Осы есте
болсын. Бұл емнің шипа-
сы бір аптадан соң немесе
бір айдан кейін байқалуы
мүмкін. Неге нәтижесі жоқ,
деп қамықпаңыз. Егерде
емнің нәтижесі болмаса, екі
аптадан кейін емді қайта
жалғастыру керек.
Сырамен тазарту.
Мұны
«әскери әдіс» деп те атай-
ды. Бұл емде 1-2 литр сары
түсті сыраны ішеді де, белге
жылытқыш (грелка) байлап,
баспалдақ бойымен жоғары
– төмен, төмен – жоғары,
зәр қысқанша жүгіреді. Со-
сын 5-6 минут демалып,
дәретханаға барады.
Егерде бүйректегі тастың
көлемі 0,5 сантиметрден
үлкен болса, бұл шаралар-
ды қолдануға болмайды.
Мұндай жағдайда дәрігерге
көріну қажет. Жоғарыдағы
тазалау әдістерінен соң
бүйректегі тас пен құмды
тезірек қозғалысқа келтіру
мақсатында «Жемтігіне
ұмтылған аш жолбарыс»
жаттығуын жасайды. Оны
былай жасаған жөн: ішпенен
етпеттей жатып, аяқ пен
қолды бір мезгілде серпи 3-5
рет жоғары көтереді. Мерзімі
өзіңіздің қалауыңызша. Тек
көп жасап қажеті жоқ.
Бүйрекке пайдалы
тағамдар
Бүйрек - адам ағзасының
сүзгісі. Ол ағзадан зиян-
ды заттар мен шлактарды
сыртқа шығарады. Ендеше
бұл мүшеге қай азық-түлік
пайдалы, қайсы зиянды
соған тоқталайық.
ПАЙДАЛЫСЫ
Балғын жемістер мен
көкөністер.
Құрамында А
дәрумені бар жемістер мен
көкөністер бүйрекке өте
пайдалы. Олар: сәбіз, тәтті
бұрыш, бүрген, ақжелкек,
аскөк, пияз және күнзе. Зәр
айдайтын қасиетке ие жеміс,
көкөністер: асқабақ, қарбыз,
қауын, алма, қырыққабат.
Балық
және
теңіз
өнімдері.
Бұлар май-
лы қышқылдар мен йодқа
бай. Соның нәтижесінде
бұл өнімдер бүйректің
жұмысын жақсы жолға
қояды.
Су.
Бүйрек қалыпты
жұмыс істеуі үшін адам
күніне кемінде 2 литр таза
су ішуге тиіс. Кейде артық
су ішсең уайымдамаңыз.
Бүйрек артық суды өзі-
ақ шығарып тастайды. Ал
судың жетімсіздігінде оны
ағзада ұстап тұрады да,
дене ісіне бастайды.
Пайдалы сусындар.
Олар:
минералды
су
(дәрігердің
кеңесімен),
жаңа сығылған сусындар,
шай (көк, сүт қатқан қара
шай, лимонды шай), емдік
шөптер қайнатпасы және
жеміс шайы (құлпынай не-
месе бүлдірген жапырағы,
жөке, түймедақ). Осы
сусындар бүйрекке тас
жиналудың алдын алады.
ЗИЯНДЫЛАРЫ
Құрамында тұзы көп
тағамдар.
Бұл бүйрек үшін
қауіпті. Тұздың молдығы,
қақ тал ғ ан, т ұ з дал ғ ан,
жар тылай -фабрика т ты
тағамнан және фастфудтан
қанға натрий көп жинала-
ды, ағзада ең қажетті ка-
лий азаяды.
Жануарлардың майы.
Олар ағзада шлак пен
токсиндердің жиналуына
ықпал етеді. Әсіресе, сиыр
еті бүйрек жұмысына ауыр.
Бүйрекке салмақ салма-
уды ойласаңыз, қышқыл
ірімшіктерді тұтынбаған
жөн.
Құрамында
сіркесу
қосылған және ащы та-
ғамдар.
Бұлар зәр шығару
жолдарын тітіркендіреді
және шлактың пайда болу-
ына жағдай жасайды.
Ішімдіктер.
Бүйректің
басты жауы. Өйткені,
ішімдік бүйректің жасу-
шаларын өлтіреді. Ішім-
дікке үйір болу бүйрек
жетімсіздігіне әкеліп соқ-
тырады.
К ө ш е т х а н а д а
өскен жемістер мен
көкөністер.
Түрлі хими-
каттар арқылы өсірілген-
діктен оларды тұтынғанда
шлак
пен
токсиндер
көп жиналады да, олар-
ды бүйректің ағзадан
шығаруға шамасы келмей-
ді.
* Бүйрек сау болсын
десеңіз, тағамды аз-аздап,
бірақ жиі-жиі жеп тұрыңыз.
Көп мөлшерде ішілген
асты асқазан сіңдіруге үл-
гермейді де, ағзада шлак-
тар көбейеді.
* Бүйрек сау болсын
десеңіз, салмақ таста-
уда түрлі ем-дәмге көп
жүгінбеңіз. Бірден арықтап
кетсеңіз, бүйрек төмен
түсіп, ұзақ уақыт тұзсыз
тағам ішу де бүйрек
қызметін бұзады.
*
Бүйрекке
пайда-
лы тағамдарды дұрыс
пайдаланғанда артық сұй-
ықтықты ағза өзі-ақ сыртқа
шығарып тастайды.
* Тұзды тағамдарды ұзақ
уақыт бойы тұтынудан
бүйрек қызметі бұзылады,
бетке терең әжімдер тү-
седі.
* Тұзды ащы емес дәм-
деуіштермен, балғын көк
шөптермен алмастырыңыз.
Олар бүйрекке шипалы.
* Бүйректі тазалауда
жеміс-жидек немесе олар-
дан дайындалған шырын-
дарды ішу күнін өткізу
қажет. Ол кемінде 1-3
күн болсын. Шырындар-
ды астан 30 минут бұрын
ұрттап-ұрттап ішеді. Күніне
600 мл-нан.
Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН.
Қанды тазартып, қалдықтарды сыртқа шығарады
Ағзадағы ең маңызды мүшелердің бірі болғанымен, бүйректің өмір сүруде шешуші рөл
атқаратынын көп адам біле бермейді. Содан олар бүйрегіне салмақ түсіріп, оны
суыққа ұрындыртып қатерлі ауруға да ұшырайды. Біз күнделікті тұрмыс-тіршілікте
кейде бір адамның бүйрегі істен шыққанын, оны ауыстырып салуға донор
жоқтығын және бұл отаның өте қымбатқа түсіп отырғанын естіп қалғанымызбен,
өз басымызда ондай ауыр жағдай болмағандықтан естіген әңгімемізді іле
ұмытып та кетеміз. Біздіңше, бұл әркімді ойландыруға тиісті оқиға. Өйткені, барлық
адамның да бүйрегі бар. Ал ол қандай күйде, оған құм, тас байланса, оны қалай тазартуға,
сырқатын нендей еммен жазуға болады, бұл жөнінде хабардар болғаны қажет-ақ.